Жұма, 29 Наурыз 2024
2463 1 пікір 6 Шілде, 2022 сағат 12:39

Қазақстанда қарақалпақтарды өзбек полициясы тергеуде

Қарақалпақстандағы наразылықтан соң Алматыға келген өзбек полициясы қызметкерлерінің шұғыл тобы жергілікті белсенділермен бір ай бойы жұмыс істейді.

Бұл туралы тергеуде болған адамдардың бірі Настоящее Время телеарнасына хабарлады. Тергелгендердің айтуынша, өзбек күш құрылымдары Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасын наразылықты ұйымдастырған болуы мүмкін деп есептейді.

Телеарнаға сұхбат беруге келіскен азаматтық белсенді Аллаярдың Алматыда тұрып жатқанына біраз уақыт болды, бірақ ол отанымен байланысты үзбеген. 4 шілдеде оны Алматы полиция департаментіне тергеуге шақырту алды. Тергеу жүрген бөлмеде қарапайым киінген бірнеше адам болды, дейді тергелгендердің бірі.

Аллаярдың айтуынша, өзбек полициясының өкілдері одан белсенді әрекеттерін доғаруды талап еткен, әйтпесе оларды Өзбекстанға алып кетеміз деп қорқытқан.

Өзбекстан билігі Қарақалпақстандағы наразылықты шетелдіктер ұйымдастырған деп есептейді. Олардың дені Қазақстанда тұрады. Бұған сенуге болмайды, өйткені оппозициялық саясаткерлердің көбі Еуропада тұрады. Қазақстанда мұндай радикал көзқарастағы белсенді жоқ", - дейді Аллаяр.

Белсендінің айтуынша, Өзбекстан милициясының қызметкерлері Қазақстан билігінен карт-бланш алды: олар өз азаматтарын тергеп жүр, оларды отанына алып кетуі мүмкін.

Қарақалпақ белсенді азаматтар автономиядағы туыстары мен жақындарымен сөйлесе алмай отыр. Республикаға интернет әлі берілген жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534