Сенбі, 20 Сәуір 2024
2261 1 пікір 5 Шілде, 2022 сағат 14:00

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Елімізде бір тәулікте 187 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 112 науқас адам Алматыда, 37 адам Нұр-Сұлтанда, 8 адам Шымкентте анықталған.

Осыған байланысты 4 шілдеде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулы қабылдады. Құжатта COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру ескертілген.

Сонымен қатар COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар мен вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылатыны айтылды.

Қаулы 2022 жылғы 7 шілдеде сағат 00:00 бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Abai.kz

1 пікір