Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Қорғансыз қазақ 4402 22 пікір 5 Шілде, 2022 сағат 13:35

Украинада қанша қазақ қаза тапты?

Ресейдің Украинаға ашық соғыс бастағанына да бес айдың жүзі болды. Әлемнің екінші әскері тасбақа жылдамдығымен бірнеше қаланы алды. Соғысқа өзге ұлт өкілдері де көп қатысуда. "Бұйрық қатты, жан тәтті" принципімен Ресей алдыңғы шепке аз халықтарды аттандыруда. Арасында этникалық қазақтар да жеткілікті. 

Қаза тапқан әскерилер жайлы ақпаратты Ресей жарияламайды. Алайда түрлі топтар, тәуелсіз сарапшылар мен зерттеушілер әлеуметтік желідегі жазбалар мен қаза тапқан жандардың жақындарының мәліметтеріне қарап, қанша адамның оққа ұшқаны туралы тізім жариялап тұрады.

"Қазақтар" этникалық қазақтардың тізімі шықты. 2022 жыл 4 шілдеде шыққан тізімде 130 адамның аты-жөні жарияланыпты.

Аштархан облысының әскерилері:
1. Сержант Нарынбаев Арман Қасымұлы, 39 жаста, Краснояр ауданының тумасы;
2.Майор, барлаушылар жасағының командирі Батыров Әли Сабыржанұлы, 32 жаста, Астрахан қаласының тұрғыны,
3. Қатардағы сарбаз Нұрпейісов Рысбек Мүслімұлы, 25 жаста, Харабалинск ауданы,Тамбовка ауылының тумасы;
4. Қатардағы сарбаз Нұрмақов Айнұр Бөкенбайұлы, 23 жаста, Нариманов ауданы, Прикаспийское ауылының тумасы;
5. Қатардағы сарбаз Әбдухаиров Тимур, 32 жаста, Камызяк қаласының тумасы;
6. Сержант Ырқалиев Әнуар Мұратұлы, 29 жаста, Харабалинск ауданы, Хошеутово ауылының тумасы;
7. Сержант Қарасаев Нұрлан Жұмабайұлы, 35 жаста, Володар ауданының тумасы;
8. Сержант Жасағұлов Темірлан Қайратұлы, 29 жаста, Краснояр ауданы, Алча ауылының тумасы;
9. Ефрейтор Жүкесов Азамат Масалимұлы, 29 жаста, Краснояр ауданы, Забузан ауылының тумасы;
10. Сержант Ыбрашев Ринат Болатұлы, 27 жаста, Краснояр ауданының тумасы;
11. Сержант Айтқазиев Дамир Ерболұлы, 30 жаста, Краснояр ауданының тумасы;
12.Сержант Дошанов Замир Аманғалиұлы, 26 жаста, Володар ауданының тумасы;
13. Сержант Наурызәлиев Рафхат Сәбитұлы, 40 жаста, Камызяк ауданы, Семибугры ауылының тумасы;
14. Сержант Ажимов Рамиль Рашидұлы, 22 жаста , Володар ауданы, Конный Могой ауылының тумасы;
15. Сержант Батыров Қанат Асқарұлы, 29 жаста, Харабалинск ауданының тумасы;
16. Капитан Қылымов Мұратбек Сұлтанбекұлы 41 жаста, Алтынжар ауылының тумасы;
17. Сержант Қадырғалиев Марат Қанатұлы, 35 жаста, Харабали қаласы Харабалинск ауданының тумасы;
18. Капитан Қарбаев Ринат, 32 жаста, Астрахан тұрғыны;
19. Қатардағы сарбаз Шағымов Сұлтанбек Салауатұлы, 29 жаста, Володар ауданы, Алтынжар ауылының тумасы;
20. Старшина Қуанышбеков Өтеміс Мұстафаұлы, 45 жаста, Астрахан облысының тумасы, Кострома қаласында жерленген;
21. Аға сержант Ыхсанов Рашид Қарғабайұлы , 36 жаста, Володар ауданының тумасы;
22. Қатардағы сарбаз Сабырәлиев Раул Ақынұлы, 27 жаста, Володар ауданы Болдырево ауылының тумасы;
23. Аға сержант Жұбанов Рахмет Қадыржанұлы, 28 жаста, Харабалинск ауданының тұрғыны;
24. Қатардағы сарбаз Нұрғазиев Сағындық Бекболатұлы, 30 жаста, Володар ауданы, Таловинка ауылының тумасы;

Орынбор облысының әскерилері:
1.Кіші сержант Максим Жұмаханов, Сборов ауылының тумасы;
2.Кіші сержант Әженов Мақсат Сағидуллаұлы, 26 жаста, Илек ауданы Димитровский ауылының тумасы;
3. Қатардағы сарбаз Ысбағамбетов Тимур, 23 жаста, Саракташский ауданы, Камышено ауылы;
4. Аға сержант Күнжарықов Рустам Жандосұлы, 27 жаста, Ор қаласының тумасы;
5. Аға лейтенант Сәтбаев Еламан Айбекұлы, 26 жаста, Орынбор ауданы Экспериментальный ауылының тумасы;
6. Сержант Қабылов Нариман Ізмұхамбетұлы, 25 жаста, Ленин ауылының тумасы;
7. Аға сержант Мықтыбаев Айболат Тұрсынғалиұлы, 31 жаста, Ақбұлақ ауданының тумасы;
8. Сержант Ерешев Рустам Жанасханұлы, 26 жаста, Кувандык қалалық округының тумасы;
9. Сержант Ыхсанов Фарид Ғазизұлы, 32 жаста, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Новосергиевский ауданынан шақыртылған;
10. Сержант Әженов Мақсат Сағидуллаұлы, 26 жаста, Илек ауданының тумасы;
11. Аға лейтенант Жалиев Салауат Нұрғалиұлы, 24 жаста, Грачевский ауданының тумасы;
12.Сержант Самұратов Арыстан Амангелдіұлы, 21 жаста, Ясненский қалалық округының тумасы;
13. Қатардағы сарбаз Шәйкенов Әмір Талғатұлы, 24 жаста, Ақбұлақ ауданының тумасы;
14. Аға лейтенант Таутанов Марсел Берікұлы, 27 жаста, Первомайское ауылының тумасы;
15. Аға лейтенант Ысқалиев Жантуар Аманұлы, 24 жаста, Ор қаласының тумасы;
16.Кіші сержант Рысқұлов Андрей Евгенийұлы, 38 жаста, Ясненский ауданының тумасы;
17. Қатардағы сарбаз Төремұратов Ермек, 20 жаста, Светлинск ауданы Светлинск ауылының тумасы;
18. Сержант Жанқұлов Азамат Меңдіғалиұлы, 29 жаста, Ташлинский ауданының тумасы;
19. Қатардағы сарбаз Үргенішбаев Асхат, 20 жаста, Ор қаласының тұрғыны;
20. Кіші сержант Саққұзиев Қайрат Мұханмадиұлы, 28 жаста, Орынбор қаласының тұрғыны;
21. Аға лейтенант Мұсаев Мейірлан Нұрғазыұлы, 26 жаста, Орынбор ауданы, Караванный ауылының тумасы;
22. Қатардағы сарбаз Ертілеуов Мәлік Ермекқалиұлы, 32 жаста, Соль-Илецкий ауданы Буранное ауылының тумасы;
23. Ефрейтор Рысмұханбетов Жанат Бекболатұлы, Адамовский ауданы Елизаветинка ауылының тумасы;
24. Қатардағы сарбаз Сейтенов Жәнібек, 31 жаста, Ор қаласында тұрған;
25. Қатардағы сарбаз Өтешев Арман, 21 жаста, Беляевский ауданы Белогорский ауылының тумасы;

Омбы облысының әскерилері
1. Ұлттық гвардияның аға прапорщигі Ыбраев Арлан Қайырболатұлы, 36 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
2. Сержант Ахметов Руслан Нұржанұлы, 21 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
3. Сержант Қаптұров Дәурен Сапарұлы, 21 жаста, Шербакүлден;
4. Ефрейтор Ыбраев Аман Қайырболатұлы, 21 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
5. Майор Әлинов Азамат Құсайынұлы, 36 жаста, Марьяновка ауылының тумасы;
6. Сержант Нұрмағамбетов Ерқанат Манарбекұлы, 26 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
7. Сержант Мұсафиров Айтпай Серікбайұлы 20 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
8. Ефрейтор Қайыржанов Азамат, 38 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
9. Сержант Арғымбаев Руслан Сабыржанұлы, 31 жаста, Ясный қаласының тұрғыны;
10. Ефрейтор Шақпақов Жанат Мұратұлы, 22 жастаа, Омбы қаласының тұрғыны;
11. Сержант Мұсафиров Айтпай Серікбайұлы, 29 жаста, Москаленск ауданының тумасы;
12. Аға сержант Тасыбеков Уәлихан Шаяфұлы, 42 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
13.Кіші сержант Жұмбақов Талғат Мегенұлы, Омбы қаласының тұрғыны;
14. Аға сержант Исабеков Ерлан Базарбайұлы, 35 жаста, Омбы қаласының тұрғыны;
15. Гвардия Ефрейтор ы Әділхан Кеңеспаев, Омбы қаласының тұрғыны;
16. Сержант Ахымбаев Серек, Омбы қаласының тұрғыны;
17. Сержант Дүйсекеев Марат, 1998 жылы туған, Омбы қаласының тұрғыны;

Саратов облысының әскерилері:
1. Сержант Сейітов Мақсұт Ысқақұлы, 23 жаста, Маркс қаласының тумасы;
2. Сержант Бүгетаев Нұрылбек Нұрланұлы, 27 жаста, Александрово- Гайск ауданының тумасы;
3.Кіші сержант Жақпаев Равшан Александрұлы, 25 жаста, Новоузен ауданының тумасы;
4.Кіші сержант Молдашев Нариман Анатолийұлы, 26 жаста, Краснопартизанский ауданы Горный ауылының тумасы;
5. Сержант Бимұхамбетов Асқар Бақытжанұлы, 32 жаста, Заветы Ильича ауылының тумасы, Энгельс қаласында жерленген;
6. Қатардағы сарбаз Арыстанов Айдар Аманұлы, 20 жаста, Новоузен қаласының тумасы;
7. Сержант Ноғайалиф Руслан, 29 жаста, Ровенск ауданының тумасы;
8. Сержант Насыров Әділжан Жәнібекұлы, 37 жаста, Перелюбск ауданының тумасы;
9. Қатардағы сарбаз Бижанов Зәуір Ғайсаұлы, 30 жаста, Александрово- Гайск ауданы Канавка ауылының тумасы;
10. Қатардағы сарбаз Рахметов Марат Қайратұлы, 24 жаста, Александрово- Гайск ауданының тумасы;
11. Қатардағы сарбаз Балқаев Сабыр Амангелдіұлы, 20 жаста, Новоузен ауданының тумасы;
12. Сержант Досқалиев Талғат Қарасайұлы ДУСКАЛИЕВ Талгат Карасаевич, 31 жаста, Татищев ауданы, Ровное ауылының тумасы;
13.Кіші сержант Шұңғылов Азат Ерболатұлы, 27 жаста, Новоузен ауданының тумасы;
14. Сержант Кұлманов Әлібек Сайфұлұлы, 24 жаста, Озинки балықшы ауылының тумасы;

Волгоград облысының әскерилері:
1. Ефрейтор Ержанов Иван Ержанұлы , 32 жаста, Волжска қаласының тұрғыны;
2. Сержант Джиксимбаев Диар Батырбекович, 31 жаста, Волжска қаласының тұрғыны;
3. Ефрейтор Хабдрахманов Дәурен Борисұлы, 30 жаста, Палласовск ауданының тумасы;
4. Ефрейтор Жұмағалиев Фарид Қанархатұлы, 35 жаста, Палласовск ауданы Кайсацкое ауылының тумасы;
5. Ефрейтор Әлжанов Бауыржан Тұрганұлы, 28 жаста, Палласовск ауданы Золотари ауылының тұрғыны;
6. Ефрейтор Боланов Эдуард Асқарұлы, 20 жаста, Волгоград қаласының тұрғыны;
7. Қатардағы сарбаз Баймышев Валерий, 20 жаста, Чернышевск ауданы Тормошино аулының тұрғыны;
8. Қатардағы сарбаз Тәтиев Нұрлан Өтебайұлы, 39 жаста, Палласовск ауданы Золотори аулының тумасы;

Қорған облысының әскерилері:
1. Сержант Сақаев Сәбит Маратұлы, 28 жаста, Половинск ауданының тумасы;
2. Сержант Мақышов Қайырбек Тасқайырұлы, 25 жаста, Шадринск қаласының тумасы;
3. Сержант Мырзағұлов Әмен Николайұлы, 33 жаста, Макушинск ауданының тумасы;
4. Кіші сержант, арнайы топтың аға барлаушы-снайпері Елемесов Ринат Таласпайұлы, 37 жаста, Куртамыш қаласының тумасы;
5. Ефрейтор Құсықпаев Рустам Баймырзаұлы, Қорған қаласының тұрғыны;

Түмен облысының әскерилері:
1. Қатардағы сарбаз Құдайбергенов Сағындық Нағашыбайұлы, 22 жаста, Түмен облысы Ишим қаласының тумасы;
2. Сержант Жанғалиев Ренат, 38 жаста,Түмен облысы, Сургут қаласының тұрғыны;

Челябинск облысының әскерилері:
1. Қатардағы сарбаз Жүнісов Марат Серікұлы, 21 жаста, Карталы қаласының тұрғыны;
2. Сержант Көпжасаров Нұрлан Темірбалиұлы, 30 жаста, Брединск ауданы Сосновка ауылының тумасы;
3. Қатардағы сарбаз Жүнісов Марат Серікұлы, 20 жаста, Карталы қаласының тұрғыны;
4. Қатардағы сарбаз Кенебаев Тілеужан Маратұлы, 23 жаста, Кизил ауданы Измаиловское ауылының тумасы, 2014 жылы Украинада қаза тапқан;

Алтай республикасының әскерилері:
1. Лейтенант Оразбеков Елнұр Қайырбекұлы, 24 жаста, Қосағаш ауылының тумасы
2. Прапорщик Қаракесеков Ақылтай Тұмарбайұлы, 38 жаста, Угловск ауданы Павловка ауылының тумасы;
3. Кіші сержант Әмірғалиев Ахметжан Қайырболатұлы, 42 жаста,Лебедино Табунск ауданының тумасы;
4. Кіші сержант Аманшын Серікбай Сергейұлы, 26 жаста, Усть-Канск муниципиалды ауданы Черный Ануй аулының тумасы;
5. Аға сержант Сыйқуатов Аманғазы Қайдарұлы, 29 жаста, Қосағаш ауданы Жаңаауыл ауылының тумасы;
6. Қатардағы сарбаз Әжікенов Ардақты Оралұлы, 37 жаста, Қосағаш ауылының тумасы.

Қалмықия әскерилері
1. Капитан Байтышов Жанғар Қайратұлы, 30 жаста, Қалмықия республикасы Екібұрыл ауданының тумасы;
2. Лейтенант Ақожаев Айрат 1997 жылы Қалмықияда туған.
Хакасия әскерилері:
1. Гвардия капитаны Қонарбаев Асқар Борашұлы , 32 жаста, Хакасияның Шырын ауданының тумасы, Рязан қаласында жерленген;

Санкт-Петербург әскерилері:
1. Танк батальонының командирі, подполковник Башақов Мирас Сейілханұлы, 30 жаста, Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы, Санкт- Петербургте жерленген.

Башқұртстан
1. Қатардағы сарбаз Құрманалин Марсель Сүйіндікұлы, 28 жаста, Кармаскалинск ауданы Шарыпқұлов ауылының тумасы;
2. Қатардағы сарбаз Айтқожин Айдар Азатұлы, 22 жаста, Кугарчинск ауданы Тюлебаево ауылының тумасы.

Дағыстан Республикасы
1. Қатардағы сарбаз Нұрмұханов Қасымжан Абдулкерімұлы, Дағыстан Республикасы Тарумовка ауылының тумасы, артында үш баласы мен әйелі қалды.

Бұл тізім нақты әрі соңғы деп айту қиын. Желіден жиналған ақпарат, сарбаздардың туысынан алынған мәлімет. Ресей бастаған соғысқа ерікті-еріксіз форматта қатысып, қаза тапқан қазақтардың саны әлдеқайда көп болуы да ықтимал.

Abai.kz

 

22 пікір