Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5192 0 пікір 31 Қазан, 2012 сағат 20:08

Үкімет басшысының Оңтүстіктегі іссапары Түркістан және Кентау қалаларында жалғасты

Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан мен Кентаудың энергетика мен өнеркәсіп секторлары және білім нысандарын аралады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет басшысы Түркістан қаласында М. Жұмабаев атындағы №15 орта мектепке барып, оқу сыныптары мен жабдықтарын көрді. Премьер-Министр Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің даму жағдайымен танысты.
Серік Ахметов Кентауда қала құрастырушы бірқатар кәсіпорындарға барды.
Үкімет басшысы «Кентау Сервис» ЖЭО-5 МКК-да стансаның күзгі-қысқы маусымдағы жұмыс жағдайымен, сондай-ақ оның даму әлеуетімен таныс болды.
Премьер-Министр ЖЭО-5 технологиялық үрдісін жетілдіру қажеттігін атап өтті. «Мұндай стансалар бір компьютермен басқарылады», - деді С. Ахметов.
Серік Ахметов Кентау трансформаторлы зауытында қала құрастырушы кәсіпорынның жабдығын қарап, шығарылатын өнімнің түрлерімен таныс болып, еңбек ұжымымен кездесті.
Үкімет басшысы өндірісті жаңғыртып, жоғары технологиялық деңгейге көшу керектігін атап өтті.
Осымен ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аяқталды.
«Абай-ақпарат»

0 пікір