Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1664 1 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 14:42

Ресей енді БАҚ-тарды сотсыз "соттай" бермек

Мемлекеттік дума Бас прокуратураға БАҚ-ты "фейк таратқаны", "билікке құрметсіздік танытқаны", "армияны қаралағаны" және "санкцияға үндегені" үшін жабуға құзырет беретін заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы парламенттің төменгі палатасының сайтында хабарланды.

Бұған қоса, Бас прокуратура "керағар және қауіпті", сонымен бірге "РФ Конституциясы мен қоғамды құрметтемейтінін білдіретін" мәлімет таратқан ақпарат құралының лицензиясын қайтару алу құзыретіне де ие болады. Лицензияны қайтару туралы шешім Роскомнадзорға жолданады.

БАҚ 3-6 ай ішінде "қателікті" түзесе, онда ол федералдық қызмет шешімімен жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады. Заңды бірнеше мәрте бұзған БАҚ заңсыз деп танылуы мүмкін. Бұған қоса, құжатта Ресейде шетел ақпарат құралына тыйым салуға мүмкіндік беретін ереже бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513