Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 2664 1 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 14:17

Қарақалпақстанда қанша адам қаза тапты?

Өткен апта соңында күллі дүниежүзі халқының назары Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстанда болды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзёевтің билігін ұзартатын һәм Қарақалпақстанды республика статусынан айыратын Конституциялық реформаларға қарақалпақ халқы қарсы шықты.

Бейбіт наразылықтардың арты қанды қақтығысқа ұласты. Президент Мирзёевтің өзі Нөкіске жедел ұшып барып, Қарақалпақстанның статусы өзгермейтінін айтты. Онан соң Өзбекстанның құзырлы билігі наразы халықты күшпен таратуға әрекет етті. Әлеуметтік желілерде жараланған және қансырап жатқан адамдардың бейнелері тарады.

Бүгін Өзбекстан Нөкістегі наразылықтар кезінде қанша адамның қаза тапқанын жариялапты. 243 адам жараланып, 18 адам қаза тапқан дейді ресми ақпарат. Олардың 94-і әлі ауруханаларда жатыр екен. Бұл Өзбекстанның Бас прокурутурасы мен Ұлттық гвардиясы таратқан ақпарат. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктерген қатысты деген себеппен 516 адам тұтқындалған.

«1-2 шілдеде 516 адам ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Қалған азаматтарға әкімшілік шара қолданылған және үйлеріне жіберілген», - дейді Өзбекстан Ұлттық гвардиясының баспасөз хатшысы Даврон Жұманиязов.

Қарақалпақстанда жалпыхалықтық наразылықтар 1 шілдеде басталды. Республиткада интернет толықтай өшірілді. Осыдан кейін президент Мирзёев Нөкіске ұшып келіп, Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістерді талқылау мерзімін ұзаратынын және ондағы Қарақалпақстанның статусы сақталатынын мәлімдеді. Мирзёевтің осы келісінен соң, Қарақалпақстанда 3 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519