Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 18:48

Оңтүстік Қазақстан облысы – 80: Елбасының құттықтауы

Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстың 80 жылдығына арнаған құттықтау сөзінде осылай делінген.
Елбасы құттықтауын ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов облыстың 80 жылдығына аралған «Нұрын шашқан - Оңтүстік!» атты салтанатты іс-шараның ашылуы барысында оқып берді.

«Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!

Баршаңызды құт қонған қасиетті өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығымен құттықтаймын!

Қазақы қалпының қаймағы бұзбай сақтап келе жатқан оңтүстіктің орны ерекше. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби, әулие Арыстанбаб, даналық ілімінің атасы Қожа Ахмет Исауи сияқты дара перзенттерінен тамыр тартқан аймақтың тарихы өте терең және тағылымды. Бұл өлкенің әр тасы мен әр түп жусаны шежіреден сыр шертеді.

Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Сіздер өз татулықтарыңыздың, жүкті жұмыла көтеретін бірліктеріңіздің арқасында барлық қиындықтарды еркін еңсеріп келесіздер. Соңғы жылдары облыстағы инфрақұрылымдар дамып, өнеркәсіптік ірі жобалар іске асырылуы нәтижесінде әл-ауқаттарыңыз артып, тұрмыстарыңыз жақсара түсті. Адам санының өсімі мен өмірінің ұзақтығы жағынан да сіздер қоныстанған оңтүстік өлкенің көрсеткіштері өте жоғары.

Бүгінде республика халқының 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір - ұлтымыздың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі.

Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің торқалы тойы құтты болсын!

Баршаңызға бақ береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - делінген Елбасының құттықтау сөзінде.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616