Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Не дейді?! 2515 10 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 13:53

Жанболат Мамай соттала ма?

Қ.Тоқаев  билігінің  «қанды  қаңтарға» қатысты позициясы, атқаратын саяси  реформасы  бір  нәрсені  анық түсіндірді. Қ.Тоқаев келесі президенттік сайлауға (болжауымша президенттік сайлау  мерізімнен  бұрын  өтеді) түсуге анық ниеттеніп отыр. Бүгінгі қалыптасқан саяси жүйе бұл ниетті іске  асыруды қамтамасыз ету керек.

Қ.Тоқаевтың жалғасты билікте қалуына экс-президент Н.Назарбаев та мүделі. Н.Назарбаев отыз  жылда диктатуралық билігін қалай сақтады? Түрлі политологияны қолданды. Соның ең негізгі  біреуі - қорқыту, үрейде ұстау. Заманбек Нұрқаділовтың өліміне ақылға симас қортындының шығуы мен Алтынбек Сәрсенбаевтың атылуы, Арон Атабектің жазықсыз қамалып, азаппен өлуі   Н.Назарбаев  билігін  отыз  жыл  сақтап  тұруға  бірден-бір  себеп   болды. Халық білді. Кімнің не  үшін, қайтып өлгендігін. Бұл былайғы жұртқа сызған сызықтан шықпайсыңдар, шықсаңдар нәтиже  осы деген сигнал сияқты сезілді. Түсінікті болды. Оппозиция да бас  көтере алмады. Қазір Қ.Тоқаев та Н.Назарбаевтың жеке басынан шыбын ұшырмаймын деген анық бекім бар. Қ.Тоқаевтың   президент туыстарының лаузамды қызыметке тағайындалмауы керек деген норманы заңмен  бекітуі қалыптасқан былыққа Н.Назарбаев емес, оның айналасындағы туыстары кінәлі деген  қоғамдық пікірді қалыптастыру. Жақында Қ.Тоқаев қоғамды Н.Назарбаевты құрметтеуге ашық  шақырды. Косметикалық саяси реформамен халықтың басын қатыру және халықты белгілі  деңгейде үрейде ұстау Қ.Тоқаев  билігін жалғастырудың сенімді кепілі. Бүгінгі билікте басқа амал да жоқ. Жанболат  Мамай  жазықсыз. Сондықтан сотталады. Жазықсыздарды соттау қоғамға үрей  әкеледі. Бұл жаңа Қазақстан да жазылмаған заң шегінен шығам дегендерге анық сигнал болады.

Қанды қаңтар оқиғасы көп сұрақтарды ашыққа шығарды. Билік бұл сұрақтарға жауап берсе ол  болмаған, бермесе ол болмаған, былай тартса өгіз  өлетін, былай тартса арба сынатын тығырыққа  тірелді. Бүгінгі билік іштей ызалы.

Бұл реткі «қанды қаңтар» оқиғасының туылуына елде қалыптасқан экономикалық монополия  қаншалықты себеп болса, (Қ.Тоқаевтың 16 наурыз жолдауынан), осы қалыптасқан былықты  әшкерелеген  Ж.Мамайлар да соншалықты себепкер болды. Бұл тұрғыдан да  билік  Ж.Мамайға өш  деп айтуға болады. Сондықтанда қанды қаңтардың басты кінәсін Ж.Мамайға артуға ниетті. Бұл астыртын анық өш алғандық болады. Міне, осындай екі себептен Ж.Мамай сотталғалы жатыр.

Ағыбай Әкбәрұлы

Abai.kz

10 пікір