Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3038 13 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 18:33

Құлыбаевтың компаниясы мемлекет меншігіне өтті

Құлыбаевқа Тоқаевтың тісі батпайды деп едік, ақыры алпауыт компаниясын мемлекет меншігіне қайтарыпты. Оған батыстағы мұнайшылар төбесі көкке жеткендей қуанып жүр.

Тұңғыш президенттің құдаларынан бастап күйеу балаларына дейін дүние-мүліктерін мемлекет меншігіне өткізіп жатқанын жақсы білесіздер.
Ондаған лауазымды тұлға қамауда отыр. Бұрынғы кланның жүздеген серкелері креслоларынан айырылып алды шетел асып қашып кетті.
Елде қалғандарынан ұйқы кеткен.

Бұрынғы Үкімет үйін теуіп кіретін олигархтар қазір қабылдауға қалай жазылатындарын біле алмай жүр дегенді естіп едім.
Жалпы ертеңге деген жалт еткен үміт бар.
Ал сол алды істі болып жатқан олигархтар мемлекет пен президентке ашық ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр.

Дәл қазір жалдамалы блогерлердің дәурені жүріп ақ тұр.
Осы істеліп жатқан жұмыстарды жоққа шығарып, арандатып отыр.
Бізді біресе Ресейге, біресе Қытайға айдап салып тіпті Өзбекстанмен шағыстырғысы келетін күштер бар.

Опасыздар! Құдай қайырын берсін. Бұрынғы кланның бұзықтары “Қаңтарды” қайталап халықта тағы да көшеге шығарғысы келіп отыр.

Ерқанат Көпжасарұлы

Abai.kz

13 пікір