Жұма, 29 Наурыз 2024
2228 0 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 13:47

Қаңтар оқиғасы: Терроризм бойынша қанша іс қозғалды?

Қаңтар оқиғасына байланысты арнайы прокурорлар "жаппай тәртіпсіздік" бойынша 58, "терроризм актісі" бойынша 8 қылмыстық істі қарап жатыр. Осылай деп бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қызылорда облысында әскери қызметкердің өлімінен соң, "Терроризм актісі" бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек Шымкентте 35 күдіктінің ісі сотқа өтіп, бәрі әртүрлі жазаға тартылған. Прокуратура өкілі оларға қайсы баптар бойынша айып тағылғанын және жаза мерзімі қандай екенін нақты айтпады.

"Жазаны жеңілдетуге болмайтын жағдайда, прокурорлар соттан бас бостандығынан айырмайтын жазалар беруді сұрап жатыр. Бұдан бөлек процессуалдық келісу институты да кеңінен қолданылып жатыр", – деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында кінәлерін мойнына алу туралы процессуалдық келісіммен 42 күдіктінің ісі сотқа берілген. Осындай іспен Алматы облысында 15, Жамбыл облысында сегіз, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында үштен кісінің ісі сотқа берілген.

Қилымжанов 55 адамға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тартылғанын атап өтті.

Бүгінгі күнге дейін қаңтар оқиғасына байланысты 392 қылмыстық іс сотқа беріліп, 445 адам сотталған.

"Олардың ішінде билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті, мүліктерін талқылау сияқты ауыр қылмыс жасады деген 46 адам абақтыға қамалды. Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы мыңнан астам адам күдікті ұсталған. Бүгінгі күнде 514 адам қамауда отыр. 284 адам кепілдікпен тергеу абақтысынан шығарылған", – деді Қилымжанов.

29 маусымда Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам қайтыс болып, тағы алты адам ұсталғаннан кейін азаптаудан көз жұмғанын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558