Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3395 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 08:52

«Тарлан» онлайн жастар журналы

Тақырыптық номинация: жастар, жастар саясаты, мақалалар, сұхбаттар, сараптама, әдебиет, мәдениет;

Ресурстық тіл: қазақ;

Ашылған уақыты: 5 қараша 2012 жыл;

http://tarlan.info/

Қазақстанның жаңа даму кезеңі - тікелей жастардың қолында. Бабаларымыздың арманы мен аңсарын, қол жеткізе алмаған идеяларын жүзеге асыру үшін жауаптымыз. Сондықтан, мемлекеттің келешегін һәм баянды болашағын жастармен байланыстырған абзал.

Сол мақсатта әлемтор кеңістігінде жастарға арналған www.tarlan.info онлайн-журналы ашылды. Бүгінгі жастың табысты әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін ең әуелі кім ойлануы керек?! Мемлекет? Үкімет? Ата-ана?... Жоқ. Жастардың жайы ең әуелі жастардың өзін ойландыруы, толғандыруы, алаңдатуы керек! Жастар өз мәселелерін өздері шешуге бейімделуі қажет! Мемлекет пен үкімет соған сеп болуы тиіс.

Ал, "Тарланның" мақсаты - жасқа тән жанкештілік, табандылық, өршілдік және көшбасшылық қасиеттері арқылы мемлекет дамуына үлес қосу, жастарды жұмылдыру. Аталмыш ақпараттық ресурс Қазақстандағы мыңдаған  жастар ұйымының маусымдық, кезеңдік іс-шараларын насихаттауды көздемейді.

Бағыты - айқын! Қазақстандық жастардың жайы. Еліміздегі жастар саясатының шынайы бет бейнесін көрсету. Бүкпесіз айту. Боямасыз жеткізу.

Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл 21 жыл! Тәуелсіздік жастарға не берді? Ал жастар тәуелсіздіктің нығаюы үшін қандай қадамдар жасады?! Неден ұттық, неден ұтылдық?! «Тарлан» осы сұрақтарға жауап іздейді.

Тұсауы кесілген «Тарлан» онлай-журналы қазақстандық жастардың ойын, арман-мұратын, тілегін һәм мүддесін жеткізуді көздейді. Аталмыш ресурс «Жастар саясаты», «Ұлт жастары», «Мінбер», «Ұрымтал», «Көкейкесті», «Өнер», «Руханият», «Жаңа есім», «Хайтек», «Спорт» сияқты он бөлімнен тұрады.  Әрбір бөлімнің мәйекті мақалалары, сүбелі ойлары және сүйекті ұсыныстары жастарды бейжай қалдырмайды деп есептейміз.

ЕҚЫҰ Жастар ісі жөніндегі қауымдастық сарапшылары жүргізген зерттеулерге жүгінсек, саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыда аса белсенді жастардың бес пайызы мемлекетті жаңа сатыға көтеріп, түбегейлі реформалар жүргізіп, ел жастарын сол мақсатта біріктіре алады дейді.

Италияның белгілі саясаткері Бенито Андреа Муссолини «Ұлт мемлекетті жасамайды, керісінше, мемлекет ұлтты қалыптастырады» деген сөзі бар. Біздіңше, ең алдымен ұлтты мемлекет емес, жастар қалыптастырады. Мәселен, Түркия жастарының жаппай тегін білім алуына сеп болған кім? Түрік жастары! Украинадағы балабақшалар мен мектептердің ұлттық украин тіліне ауысуын талап еткен кімдер? Украин жастары! Ұлыбританияның әрбір жаңа тағайындалған премьер-министрі ең алдымен кімнен сескенеді? Ағылшын жастарынан! «Жұмылса - жұдырық» дегеніміз осы! «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Қазақ жастарының саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылатын уақыты жетті!

Рухы мықты ұрпақ - ел болашағы! Олай болса, ақпарат айдынына жол тартқан жаңа жобаның болашағы баянды, ісі оңға бассын деп тілейік, қадірлі оқырман!

Дулат АМАНЖОЛ

«Абай-Ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516