Жұма, 29 Наурыз 2024
Дін мен тін 3334 4 пікір 28 Маусым, 2022 сағат 13:34

Діни буквализмнен сақ болайық

Ұлттық құндылықтарға жер, тіл, дін, тарих, дәстүр, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық ойындарды, әдебиет, аңыз-әпсана-қиссаларды жатқызсақ болады. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтармызды ислам дінімен ғана өлшеп, дұрыс немесе теріс екені анықталатын болды.

Бұл дегеніміз діни сананың дұрыс қалыптаспағанын білдіреді. Осыған орай, қазақ халықының көнеден келе жатқан еркін ойлау, сананың тәуелсіздігі туралы талқылап көрсек. Ханафи мәзхабы бойынша ижтиһад мәселесінде төмендегі әдіске жүгінген:

1.Құран. 2.Хадис. 3.Ижма. Сөздік мағынасы «бір нәрсені біріктіру, жинақтау, бір мәселе бойынша бір пікірге келу» дегенді білдіреді. 4. Сахабалар сөзі. Ханафи мәзхабында мәселеге қатысты ижма үкімі болмаса, сахабалардың сөзі мен амалдарын негізге алады. 5. Қияс - «бір нәрсенің басқа бір нәрсемен өлшенуі, салыстырылуы, екі нәрсенінің бір-бірімен теңестірілуі» деген мағыналарды береді. 6. Истихсан - «Мужтаһидтің белгілі бір мәселені шешуде ижма, қажеттілгі, салт-дәстүр, қияс секілді арнайы және қуатты дәлелге сүйеніп, сол мәселеге ұқсас әдістен бас тартып, шариғаттың мақсатына ең сәйкес деп табылған басқа бір үкіммен пәтуа беру». 7.Әдет-ғұрып - «Қоғамның дағдыға айналдырып, өмір салттарында басшылыққа алатын сөздері мен іс-әрекеттері».

Осы әдісті қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да қолданып келеді. Алайда, біз дұрыс діни сананы қалыптастыру үшін тек жоғарыда аталған жеті әдіспен шектеліп қалмауымыз қажет. Себебі, аңыз әпсаналар, қиссалар, діни мифологиялық оқиғалар адам баласына өмірлік мән беретін рухани құндылықтар. Дегенмен, біздің қоғамда аңыз әпсаналарды, қиссаларды мүлде мойындамайтын деструктивті діни ағымдар жетерлік. Олардың пайымынша, Құран және хадисте жазылған дүниелер ғана ақиқат, Құран және хадисте бар ақпараттармен ғана өлшеу керек деген фанаттық түсінік біздің қоғамды орта ғасырға сүйреуде.

Мәселен, псевдосәләфилік болып саналатын «Құран мен сүннет айдынындағы негізгі сенім» (Э. Кулиев аудармасы) атты әдебиетте: «Мұсылмандардың бір-бірімен дос болуы мен жауласуы, жақсы көру мен жек көруі  тек Алла разылығы үшін болуы керек. Олар мұсылмандарды жақсы көрулері керек және оларға көмектесулері қажет. Дінсіздермен жауласып, оларды жеккөрулері керек және олармен ешқандай қарым-қатынаста болмауы тиіс», - деген аятты оқыған адам буквальды тек Құран және хадис шеңберінде ғана қабылдап, басқа дін өкілдеріне деген жауласу және өшпенділік ұялары ақиқат. Осындай догмалық ойлау жүйесінің салдары мемлекетіміздегі дінаралық татулыққа нұқсан келтірмек. Сол үшін тек догмалық тұрығыдан ойлау жүйесімен шектелмей, сыни ойлау жүйесін, еркін ойлау жүйесін қалыптастыру қажет.

Мәслен, жақында қызық оқиға болды. 2022 жылдың 16 маусымында жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өткен болатын. Осы құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы – жақсы ырым. Бәріміз, бабалардың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын деп тілейміз», - деген сөзі мен амалына кейбір исламтанушылар «Бұл ислам шариғатына жат, мұсылман емес адамға дұға жасауға және құран бағыштауға болмайды» деп сын айтқан болатын. Алайда Керімсал Жұбатқанов тарихшы ғалым Abai.kz cайтында «Жошы хан - Алтын Орданың атасы...» деген мақаласында: «Жошы хан өмірінің соңында мұсылмандықты қабылдап, нағыз мұсылман ретінде жерленсе, Шыңғыс хан мен Бату хан пұтқа табынушылық дәстүрі бойынша жерленген», - деген тарихи дерек Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың істеген амалы ислам дініне қайшы емес екенін көруге болады. Қандайда бір тұлғаны жан жақты зерттемей пәтуа бере салу бұл білімсіздік. Өкінішке орай, біздің қоғамда сондай діни түсінік бар, ұнамаған адамыңа дінді бүркеніш етіп үпірлікпен айыптау. Шындығында, Имам Мүслімнің «Сахих Мүслім» кітабында «Қайсыбір кісі өзінің дін бауырына: «Ей, Кәпір»-десе, бұл сөз екеуінің біріне оралады. Егер, ол оның айтқаны сияқты болса, онда орынды. Олай болмаған жағдайда, бұл сөз айтушының өзіне оралмақ», - делінген.

Ерзат Жасқанбайұлы Жақыпов,

дінтанушы, магистр. РАТТМ

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622