Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Ақмылтық 5242 20 пікір 24 Маусым, 2022 сағат 00:14

Қуатты қару - қырылған басқыншы

Украина әскері Ресей агрессиясына табандылықпен қарсы тұрып, қатаң жауап беріп жатқанына төрт ай. Ресей әлемдік рейтингте екінші орында тұрған әскери державаның бірі. Ал Украина рейтингте 22 орында тұр. 

Төрт айға созылған соғыс қос тарапты титықтатып, қару-жарақ арсеналына соққы болды. Украина қорғаныс министрінің орынбасары Владимир Карпенко былай деді: "Біз техниканың 50 пайызын жоғалттық. Оның ішінде  1300 жаяу әскерге арналған бронды техника, 400 танк пен 700 артиллериялық жүйеден айырылдық", - деді ол National Defence берген сұхбатында.

Қарудың басым бөлігінен айырылған Украина Батыстық техникаға тәуелді. Батыс елдері "Рамштайн" базасында үш мәрте кездесу өткізу арқылы Украинаға қандай қару беретінін анықтап, Киевке жіберуде. Украина ауыр артиллериялық қару түрлерінің көбірек берілу керектігін айтады.

Алғаш болып Украинаға АҚШ ауыр артиллерияны жеткізе бастады. Әйгілі М777 зеңбіректері Украина даласында ұрыс жүргізуде. М777 гаубицалары 2005 жылы АҚШ әскеріне қолданысқа берілді және бүгінде Канада, Аустралия, Үндістан, Украина мен Еуропа елдерінде бар. 155 ммтрлік снарядпен қаруланған гаубица қарапайым снарядпен 24 шақырым, ал арнайы снарядпен 40 шақырымдағы нысанды жоя алады.

M777A2 12-го полка 3-й дмп на стрельбах в Паджу, Республика Корея. 2013 год.

Украинаны соғыс басталғалы бері сөз жүзінде қолдап келген Франция, енді Киевке қару бере бастады. Оның ішінде атыс қаруынан бөлек қуатты "CAESAR" артиллериясын берді. "CAESAR" 2022 жылы шығарылып, осы уақытқа дейін 400 данасы қолданысқа берілді. "CAESAR" қарапайым снарядпен 30 шақырымдағы, ал арнайы снарядпен 54 шақырымдағы нысанды талқандай алады.

Алғаш болып Украинаға ауыр артиллерия бере бастаған елдің бірі Словакия еді. Словакия Украинаға Zuzana артиллериясын табыстап, Киевтің бірнеше бағытта сәтті қарсы шабуылға көшуіне әсер етті. 40 шақырымдағы нысанды жоя алатын Zuzana артиллериясының 8 данасын Украина алды. Бұл көп саналады, себебі әлемде бар болғаны 30 дан астам Zuzana гаубицалары бар.

Zuzana 2 во время американо-словацких учений в боевой стрельбе на полигоне Bemowo Piskie, Польша, 30 ноября 2021

Польша Украинаны барынша қолдап келе жатқан ел. Поляктар Украинаға өзінде бар танктің басым бөлігін берді, нақтылап айтсақ Т-72 танктерінің 230 данасын Ресей әскеріне қарсы шабуыл ұйымдастыру үшін табыстады. Бұл танктер Варшава шартты ұйымы болған сәтте поляктарға берілген болатын. Артынша Варшава Киевке ауыр артиллерия қажет екенін ескеріп, Krab гаубицаларын бере бастады. Krab 30 шақырымдағы нысанды жоя алады. Бүгінде Украинада 18 дана Krab бар, алдағы уақытта тағы 60 данасын сатып алмақ.

Германия елі де Украинаға қару беруді жөн көрді. Берлиннің позициясы тым түсініксіз болып келді. Себебі ол Киевті үнемі сөз жүзінде қолдап, шынайы тұрғыдан нақты қолдау көрсетпеді. Алайда осы аптада Берлин Украинаға 2 млрд доллар көлеміндегі қаржыға қару беруді мақұлдап, құпия түрде Украинаға Panzerhaubitze 2000 артиллериясын жеткізе бастады. 54 шақырымдағы нысанды қарапайым снарядпен жоя білген бұл артиллерия аса қуатты гаубица саналады.

PzH 2000 132-го самоходного артиллерийского полка «Ариете» Сухопутных войск Италии в ходе учений. 7 октября 2020.

Украина үшін жағымды жаңалықтың бірі АҚШ-тың қуатты зымыран кешені саналатын HIMARS-тің Украинаға келіп жетуі. HIMARS зымыран кешені 300 шақырымдағы нысанды талқандау мүмкіндігіне ие, алайда Украинаға 70 шақырымдағы нысанды жоюға арналған зымырандар берілді. Бұл Украина Ресей аумағын атқылауы мүмкін деген күдіктен кейін жасалған әрекет болса керек. Украина қорғаныс министрі Резников: "Бұл жаз басқыншылар үшін тым ыстық болмақ, әл кей басқыншы үшін сөзсіз соңғысы болады", - деген жазбасынан-ақ аталмыш қарудың қуаттылығын түсінсек болады.

HIMARS готовится к стрельбе на передовой оперативной базе морской пехоты «Эдинбург», Афганистан. 26 февраля 2012 года

Украина әлі де қуатты қару түрлеріне зәру. Киев ауыр артиллерия санының аздығын айтады және қарымта шабуыл жасау үшін зымыран кешендері, соққы жасаушы дрондар мен ұшақтардың табысталуын сұрауда.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

20 пікір