Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2284 0 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:59

"Қазақстан халқына" қорында кеңес төрағасы ауысты

"Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол «University Medical Center» корпоративтік қорын басқарады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды»,- делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір