Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3282 4 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:47

Қазақстанның түбіне жеткен жобалар...

Қазақстанның түбіне жеткен жобалар жайлы dalainside телеграм арнасы жазыпты. 

1. LRT.

Қазақстандағы коррупцияның символы. Тікелей шығын - 1,6 млрд доллар. Енді, 2023-2024 жылдары бюджеттен ЛРТ қарызын жабу үшін 248 миллиард теңге алынады. Ол әр азаматтың, отбасының аузынан жырылып алынады. Егер сіз 100 теңге тапсаңыз, соның 2 теңгесін ЛРТ қарызына бересіз деген сөз. ЛРТ-ның Астана банкінде жатқан ақшасын кімнің ұрлағанын мемлекет әлі күнге дейін анықтай алмай отыр. Бұл біздің тарихындағы ақтаңдақтың бірі. Оны анықтауға құзырлы органдардың құлықсыз екеніне қарағанда істе бірінші президент отбасының қатысы бар екені анық.

2. Astana EXPO-2017

Арада 5 жыл өткеннен кейін Экспоның Қазақстанға ешқандай жаңа технология, инвестиция әкелмегенін көріп отырмыз. Оған дейін шенеуіктердің "мультипликативті эффект" туралы әңгімесі, уәдесі жалған болып шықты. Бір сөзбен айтқанда, Экспоны ұйымдастырғандар бүкіл Қазақстан халқын алдап кетті. Құрылыс пен ұйымдастыруға кеткен тікелей шығын - 1,3 миллиард доллар! Және Экспо жыл сайын ондағы ғимараттарды ұстап тұру үшін 18 миллиард теңге шығын әкеліп отыр. Оған қоса, түк бітірмей, жәй завхоздың рөлінде отырған "QazExpoCongress" ұлттық компаниясын ұмытпаңыз. Олардың директорлар кеңесі, басқарма мүшелері, упрдирлері, департамент басшыларына төленетін айлық пен бонустарды ұмытпаңыз. Сонда жаңағы 1,3 миллиард доллардан бөлек, Экспо өткеннен кейінгі 5 жылда шамамен 100 миллиард теңге шығынға баттық. Ал биыл тағы 18 миллиард теңге төлейміз.

3. Азиада

Шығын - 1,65 миллиард доллар. Кіріс - нақты есептелінбеді. Алматыдағы Алматы арена мен Халық аренаны ұстап тұруға жылына 1 миллиард теңге жұмсалады.

4. ФИИР, 30 корпоративті лидерлер, Ұлттық чемпиондар, тб.

Ақша сору үшін ойлап табылған коррупционды квазибағдарламалар. Осының ішінде күлкіге қалған - ұшақ, планшет, әйнек, картон жасайтын түрлі зауыттар мен жобалар бар. Ешқайсысы жұмыс істеп кете алмады. Шығын 2 миллиард доллардан асады. Қаншама уақыт бекер кетті.

Abai.kz

4 пікір