Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2570 0 пікір 7 Қазан, 2012 сағат 16:56

Маман даярлауда жұмыс берушінің үлесі зор

Шемонайха қаласындағы колледж әкімшілігі оқушылардың кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастырып өткізу үшін әлеуметтік серіктестік аясында осы өңірдегі шаруашылықтармен, кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, бұл жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.

Осы бағытта Рассыпное ауылындағы «Арман» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Арпабаевпен өзара ынтымақтастық жөнінде келісімшарт жасалған. Оқушылар егістік алқабында жиі болып, алған теориялық білімдерін өндірістік тәжірибеден өту кезінде қолдану арқылы мамандықтарының қыр-сырына қаныға түсуде.

Лицейде тракторист-машинист, аспаз, электромонтер, электргазбендәнекерлеуші мамандықтары бойынша мамандарды даярлайды. Сондай-ақ колледж әкімшілігі мамандар қажеттілігін зерттеп анықтау негізінде жергілікті жұмыс берушімен бірге кадрларды бірлесіп даярлауға жете көңіл бөліп келеді.
Әлеуметтік серіктестіктермен тұрақты байланыс оқушыларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда кәсіптік лицейде 371 мамандар даярланды. Колледжді бітірген жетім балалардың барлығы да жұмыспен қамтамасыз етілді.
«Абай-ақпарат»

0 пікір