Жұма, 19 Сәуір 2024
1913 0 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:18

Соғысқа қарсы: Ресей қазақстандыққа айыппұл салды

Мәскеудің Тверск аудандық соты Қазақстан азаматы Владимир Чувиловқа "орыс армиясын дискредитациялады" деген айыппен 50 мың рубль және "пикет ережесін бұзды" деген бап бойынша 20 мың рубль айыппұл салды.

Бұл жөнінде "ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасы хабарлайды.

Сот Чувиловты "миграция заңын бұзды" деген бап бойынша ақтап шығарған. Бұл бапқа сәйкес, қазақстандықты еліне депортациялау керек болған.

Қазақстан азаматы Владимир Чувилов 19 маусымда " Веган соғысқа қарсы. Мұндай бассыздықты тоқтатыңдар" деген плакат ұстап, бірадамдық пикетке шыққан. Оны полиция қызметкерлері ұстап, "Қытай-қала" бөлімшесіне апарып, бір тәулік ұстаған.

Abai.kz

0 пікір