Жұма, 30 Қыркүйек 2022
Өз сөзі 1707 6 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:14

«Мен қазақпын»: Қадыров қайта құбылды

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров қайта видео мәлімдеме жасап, қайта құбылды. Ол бұған дейін Қазақстанға айтқан сөзін билікке қарата айтқанын айтып, мәлімдеменің қазақ халқына қатысы жоқтығын жеткізіпті. 

Аптаның басында Рамзан Қадыров Қазақстанға қарата мәлімдеме жасады. Ол:

"Ресей Қазақстанды құтқарып қалды. Қазақстан суверенитетінен айырылар сәтте көмекке кім келді? Ресей. Еш қорықпастан бірінші болып Мәскеу Қазақстанға көмек қолын созды", - деген болатын. Қадыровтың бұл сөзі Қазақстан қоғамында кеңінен талқыланып, қарсы реакция тудырды. Қоғам қайраткерлері, депутаттар, танымал тұлғалар қарсы жауап берді.

Ол өзінің бұған дейін жасаған мәлімдемесін хайп қуған блогерлер бұрмалап әкеткенін айтады.

"Мен бұған дейінгі мәлімдемемде саясат жайлы, ҰҚШҰ жайлы, мемлекеттің саяси көзқарасы мен позициясы жайлы айттым, ұлт жайлы мүлде айтпадым. 

Мен қазақ халқы өте жақсы көремін. Менің бұл халыққа шексіз ризамын. Мен ғана емес барлық шешен халқы риза. Әрқашан қазақ халқына алғыс айтып, қазақ халқы үшін сыйынып келеміз. Бауыр болып қалайық, бір-бірімізге алғыс сөздерін айтып, бір-бірімізді құрметтейік, арамызға от салып, арзан мәлімдеме жасағысы келетіндерге жол бермейік. Егер қазақ халқына көмек керек болса, мен ең бірінші болып барамын, алғашқы қатардан табыламын. 

Мен кез келген қазаққа қарағанда көбірек қазақпын. Менің әкем Қазақстанда өмірге келді, менің атам Қазақстанда қызмет етті, менің атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы жайлы ешқашан жаман сөз айтқан емеспін, мен тек саясат жайлы айттым. 

Мен өзіме немесе өзгеге қазақ халқы жайлы жаман сөз айтуға рұқсат етпеймін, өйткені 1944 жылы қазақ халқы шешендермен соңғы нанымен бөлісті. Өзін сыйлайтын әр шешен дәл осындай ойда. Біздің арамсызға сына қаққысы келетін арандатушыларды іздеген абзал", - дейді Қадыров.

Көпшілік Қадыров Украина соғысында агрессивті позиция ұстанып, тіпті Путиннен асып түскенін, түрлі мәлімдемелер жасап, өз қадірін қашырып алғанын айтады.

Abai.kz

6 пікір