Жұма, 29 Наурыз 2024
Асқанға - тосқан 2879 1 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:10

Қаңтар оқиғасы: Самат Әбіш тергелуде

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысқаны, немере інісі Самат Әбіш «Қаңтар оқиғасы» бойынша тергеліп жатыр екен. Бұл туралы «ulysmedia.kz» сайты жазды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірхановтың айтуынша, «Қаңтар оқиғасы» бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның ішінде Самат Әбіштен де жауап алынып жатыр. Алайда, Әмірханов мырза Самат Әбіш күдікті ме, куәгер ме, ол жағын нақтылап айтпапты.

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы орайда ол сонда болуы керек», - депті Асқар Әмірханов.

Самат Әбіш 43 жаста. Әскери шені – Генерал-лейтенант. Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетіндегі беделді саяси фигуралардың бірі болған. 2015 жылдан бері ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінде жүрген. 2022 жылдың 17 қаңтарында қызметінен алынған.

Самат Әбіш қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге қызметінен алынды деген ақпарат шыққан. Кейін ҰҚК бұл ақпаратты әуелі терістеп, кейін Самат Әбішдің еңбек демалысына кеткенін хабарлаған.

Ал Түркияның «Türkiye» басылымы Самат Әбішті «қаңтардағы Алматыдағы «жаппай тәртіпсіздіктерді» ұйымдастырушы» деп атаған.

Қазір ҰҚК-нің экс-төрағасынан бөлек, Мәсімовтің үш бірдей орынбасары да қамауда отыр. Олар: Марат Осипов, Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов.

Осыған дейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «қаңтар оқиғасына» Самат Әбіштің қатысы жоқ деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594