Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 09:43

ТҮРКІЛІК ӘДЕБИ ЖУРНАЛ РЕДАКТОРЛАРЫ АСТАНАДА БАС ҚОСУДА

ТҮРКСОЙ ұйымының жетекшілігімен Астанада Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі өтуде. 15 елден редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері шақырылған халықаралық шара аясында әдеттегідей биыл да «Түркі әлеміндегі  жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2012 жылдың үздік әдебиетші анықталмақ.

Конгрестің мақсаты - түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы түркі тілдеріндегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуды жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау.

Әдебиетшілердің бұл жиынында түркі тілдес халықтардың бүгінгі әдеби өміріндегі әдеби журналдардың қызметі сарапталып, «Түркі әлемінің әдеби байланыстары: өткені, бүгіні, келешегі»,  «Әдебиет және әдеби журналдар»,  «Әдеби аударма және басылым»,  «Әдеби басылым және ұлттық тіл» аталатын бөлек мәслиқаттарда Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ),  Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Қособа, Солтүстік Кипрден және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасауда.

Конгрес аясында қазақтың әдеби ата журналы - «Жұлдыздың» 90 жылдық мерейтойы тойланады. Бұл мерекені Еуразия Жазушылар одағы мен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры ұйымдастыруда.

ТҮРКСОЙдың қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының  конгресі бұған дейін Түркия, Татарстан, Солтүстік Кипр және Әзірбайжанда өткен еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір