Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2127 2 пікір 21 Маусым, 2022 сағат 13:43

Ақаев: Қазақстан халқы гүлденген республика құрмақ

19 маусымда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен лекциядан соң Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы туралы сұраққа жауап берген Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев "халықтың дамудың жаңа сатысына өтуге талпынысы – табиғи процесс" деді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"Меніңше, кез келген халық, кез келген ұлт уақыт өте дамудың жаңа сатысына өтуге талпынады. Бұл – табиғи процесс. Егер ел басшылары алдын ала алса, кейде әлеуметтік наразылықтарсыз да жүзеге асады. Ел басшылары уақыт ағымына ілесе алмаса, халық наразылыққа шығады. Менің ойымша, осы оқиға референдумға жеткізді, референдум арқылы Қазақстан халқы гүлденген, әділетті, күшті екінші республика құру жөнінде биік мақсат қойды",- деді ол.

1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болған Асқар Ақаев 2005 жылы 24 наурыздағы "Қызғалдақ төңкерісі" кезінде биліктен кетіп, Мәскеуден саяси баспана алған. Кейін бұл әрекетін "Өз халқыма оқ атпау – басты ұстанымым" деп түсіндірген.

Қазір Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері болып жүрген Асқар Ақаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Көне дәуірден бергі демографиялық көрсеткіш және адамзат болашағы" деген тақырыпта лекция оқыды.

Асқар Ақавтың лекциясына шетел дипломатиялық өкілдіктері және ҚазҰУ оқытушылары мен Қазақстанның өзге де ғалымдары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522