Жұма, 29 Наурыз 2024
3102 4 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 16:02

Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиеваның үстінен тергеу жұмысы жүргізіледі

«Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты "рейдерлік" бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді»,-деп жазды Kozachkov телеграм арнасы.

Арызды құзырлы органға Нұрша Кәкенов атты азамат жазған. Ол Karuan ЖШС құрылтайшысының бірі болған, алайда Болат Назарбаев оның 150 миллион доллорға бағаланатын үлесін тартып алған.

Арнаның жазуынша, ашық деректерде Karuan ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысады. Ұйым Egov.kz порталына 2006 жылы тіркелген, құрылтайшыларының бірі Нұрша Кәкенов деп көрсетілген. Бірақ сол жылы Кәкеновтың есімі алынып, жалғыз құрылтайшы ретінде Болат Назарбаевтың аты тіркеледі. Ал, 2018 жылдан бастап фирма екі заңды тұлғаға тиесілі екені көрсетіледі. Олар: "Орталық-Азия инвестициялық консалтингтік компаниясы" ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD компаниясы. 2021 жылы Karuan ЖШС қызметін тоқтатты.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3543