Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 2872 17 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 14:03

Дінді қандай мақсатпен зерттеу керек?

Наным-сенім тұрғысында мен өзімнің ежелгі бабалардың Тәңірлік сенімін қолдайтынымды, соған сай дүниетанымға сүйенетінімді жасырмаймын.

Ол туралы өз постымда ашық жазып та келемін...

Онда мен бір дінді қаралап, екіншісін ақтамаймын.

Себебі, Тәңірлік дүниетаным - ашық сана түріндегі Сенім. Оның басты принципі - "Көкте - Тәңір, төменде - Қара жер, ортада - Біз жаратылдық" деген сенім ереже саналады.

Сондықтан, мұндағы "біз" дегеніміз бүкіл адамзатқа, одан әрі - бүкіл тіршілікке, тұтас Жаратылысқа қатысты ортақ ұғым.

Онда адамдарды не басқа дүниені дінге не түрге  бөлу қарастырылмаған.

Тәңірлік дүнииетаным бойынша - Жер бетіндегі бар тіршілік атаулы Тәңір жаратылысы болып табылады: кім қандай тілде сөйлейді, Тәңіріне (Құдайына) қалай табынады, қандай діни амалдар орындайды.. - мұның бәрі Тәңір қалауымен..

Яғни, көнеден қалыптасқан Тәңірлік дүниетаным мазмұны  бөлшектенбеген Тұтас әлеммен сәйкес.

Мұны неге айтып отырмын?

Дүйсенбі күні Назарбаев орталығы қызметкерлері менен Тәңірлік туралы сұқбат алды. (52 минуттық)

Онда мынадай сұрақ бар екен:

- Сіз не себептен тәңіршілікке келдіңіз? Деген.

Бұл сұрақтан нені аңғарамыз?

Тәңіршілікті зерттеушілерді Тәңірлік сенімнің қазақы ортада қайта пайда болуын "мәдени-рухани феномен" ретінде емес, "Тәңірліктің исламға қандай әсері болуы мүмкін? Оған адамдарды барғызбау үшін ислам не істеуі керек? Деген мәселелер көбірек толғандыратын сияқты...

(Бірақ Ислам "өзгеруге бейім емес дін" болғандықтан, бұл мәселені шешу мүмкін бе? Деген сұрақ  та қатар туындайды бұл жерде).

Тағы бір жағы, зерттеушілер респонденттердің барлығын, ұлты қазақ болса болды, әуел бастан "ислам жамағаты" қатарында санайтындықтары болды. "Сіздің діни-наным сеніміңіз қандай еді?" сұрақ мүлдем қойылмайды екен. Бұл - қателік.

Сондықтан маған ол сұраққа қысқа-нұсқа жауап беруге тура келді. Оған былай дедім:

- Алланың көлеңкесінен адам көрінген соң, мен ол діннен тартына бастадым...

...Ендеше, дінді зерттеудегі басты қағида "тура биде туған жоқ" болуы тиіс деп ойлаймын..

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

17 пікір