Жұма, 19 Сәуір 2024
Саңлақ 4578 0 пікір 14 Маусым, 2022 сағат 12:20

Cенсация: Қазақстан футболы жарап тұр!

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакияны жеңіп, тағы бір сенсация жасады.

Апта бұрын құрамалар Трнавада кездесіп, қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңген еді. Елордадағы кездесу қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Алаң иелері үзіліске дейін екі гол соқты 18-минутта оң қапталдан асырылған пасты Ян Вороговский қақпада тулатты. Ал 39-минутта Елхан Астанов баспен дәл соққы жасап, есепті еселеді.

Үзілістен кейін словакиялықтар есеп айырмасын қысқарта алды. 51-минутта Матуш Беро айып алаңына енер тұста жақын бұрышты дәл көздеді. Дегенмен Қазақстан футболшылары матч соңына дейін жеңіс есебін сақтап қала алды. Ал ойын соңына қарай Ондрей Дуда дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Қорытынды есеп - 2:1.

Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында көш басындағы орнын сақтап қалды. Команда төрт кездесуден соң 10 ұпай жинады. Екінші орындағы Словакиядан төрт ұпайға озып тұр.

Abai.kz

0 пікір