Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 2124 7 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 17:33

Сауалнама: Қазақстандықтардың көпшілігі референдум нәтижесіне көңілі толды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген экспресс-сауалнама халықтың референдум нәтижесіне қанағаттанушылық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Социологиялық сауалнама ағымдағы жылдың 7-9 маусымы аралығында жүргізілді. Сауалнама қазақстандықтардың басым бөлігі ҚР ОСК жариялаған референдум нәтижесіне қанағаттанатынын көрсетті – 76,63%. Конституциялық реформаға деген оң көзқарас та жоғары – азаматтардың 75,50 пайызы Негізгі заңға қабылданған өзгерістер елдегі жағдайды жақсартуға көмектеседі деп есептейді.

Бұл ретте сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 82,50%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі реформаға бағытталған саяси бағытын қолдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі қазақстандықтар арасында бірқатар мәселелер бойынша әлеуметтік сауалнамаларды жүйелі түрде жүргізеді.

Бұл онлайн сауалнама ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында 18 және одан жоғары жастағы 1200 қазақстандық арасында жүргізілді. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және еліміздің 14 облысы, әр облыстағы қалалар мен ауылдарды қамтыды.Социологиялық сауалнама ағымдағы жылдың 7-9 маусымы аралығында жүргізілді. Сауалнама қазақстандықтардың басым бөлігі ҚР ОСК жариялаған референдум нәтижесіне қанағаттанатынын көрсетті – 76,63%. Конституциялық реформаға деген оң көзқарас та жоғары – азаматтардың 75,50 пайызы Негізгі заңға қабылданған өзгерістер елдегі жағдайды жақсартуға көмектеседі деп есептейді.

Бұл ретте сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 82,50%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі реформаға бағытталған саяси бағытын қолдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі қазақстандықтар арасында бірқатар мәселелер бойынша әлеуметтік сауалнамаларды жүйелі түрде жүргізеді.

Бұл онлайн сауалнама ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында 18 және одан жоғары жастағы 1200 қазақстандық арасында жүргізілді. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және еліміздің 14 облысы, әр облыстағы қалалар мен ауылдарды қамтыды.

Abai.kz

7 пікір