Жұма, 19 Сәуір 2024
Айбын 5174 0 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 13:38

Әскери доктрина өзгереді. Неге?

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын әзірледі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі құжатты жаңа болмысқа бейімдеуге бағытталған қолданыстағы Әскери доктринаны қайта қарауды жүзеге асыруда. Құжатқа өзгерістер енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ұсынылып отырған өзгеріске назар аударсақ, келесі ұғымдарды енгізу жағын қарастырады:

дағдарысты жағдай – ел аумағындағы немесе оның бөлек жергілікті жеріндегі әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған салдарынан қалыпты қызмет ету режимінің бұзылуымен байланысты жағдай;

резервтегі әскери қызмет – резервте болатындардың әскери жиындардан және арнайы даярлықтан өтуін қамтитын әскери қызметтің ерекше түрі;

8. Қазақстан Республикасына төнетін әскери қатерге әкеп соқтыруы мүмкін негізгі жағдайлар пунктіне келесі өзгерістер мен ұғымдарды енгізуді негіздейді:

халықаралық қатынастардың жалпы күрделенуі аясында жаһандық және өңірлік деңгейде экономикалық және саяси ықпал ету салаларын кеңейтуге ұмтылыста әлемдік және өңірлік «державалар» арасындағы қайшылықтардың күшеюі;

әлемде жаппай қырып-жоятын қару ауқымының өрістеу, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттар негізінде жасалған жаппай әсер ететін қарудың жасалуы;

құрылымды бұзатын күштердің жаппай қырып-жоятын қаруға, кәдімгі қару-жараққа, оқ-дәріге, жарылғыш және басқа да құралдарға, оларды шығару технологиясына қолжетімділігін шектеу бойынша жүргізілетін шаралар тиімділігінің төмендеуі;

мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысын, атап айтқанда ақпараттық операциялар (кибершабуыл) жүргізу, халықаралық аренада теріс ахуалды қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының және шекаралас мемлекеттер аумағында құрылымды бұзатын элементтерді жасырын даярлау;

ғарыштық кеңістікте басым түсу үшін күресуді күшейту;

шекара қауіпсіздігіне ықпал ететін Мемлекеттік шекарадағы жағдай болып табылады.

Жалпы жиынтығы 67 түрлі толықтырулар мен өзгертулер, алып тастаулар ұсынылған. Құжаттың нұсқасы Ашық НПА-да жарияланып, 24 маусымға дейін ашық талқылауға ұсынылып отыр. Жалпы әлемдік геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты әскери доктринаны өзгерту өміршең дейді сарапшылар.

Abai.kz

0 пікір