Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 4242 0 пікір 9 Маусым, 2022 сағат 14:23

Қырғыз бізге неге өкпелі?

Қазақ-қырғыз шекарасы екі ел арасындағы басты шешімін таппаған мәселенің бірі. Бұл тіпті президенттер кездесуінен кейін де, оң шешімін таба қоймады. Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері өзара келісімдер жасаса да, шекарадағы кептеліс оң шешімін табар емес. 

"Қордай" мен "Қарасу" тексеру бекеттерінде Қазақстан шекарашылары Еуразиялық Экономикалық одақ принциптеріне сай емес жұмыс жасайды" дейді Қырғызстан тарапы. Бұл туралы Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі хабарлады.

Қырғызстан шекарадағы тексеру бекеттеріне Еуразиялық Экономикалық одақ мүшелерімен бірге тексеріс жүргізу кезінде нақты фактілерді көріп, ереже бұзу жайттарын анықтадық дейді. Қазақстан барлық көлікке салық салатынын атап өтіпті.

ҚР шекара қызметінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айында "Қарасу" өткізу бекетінен 22369 жүк көлігі өткенін атап өтті. Орташа алғанда әрбір 5 минут сайын бір жүк көлігі өтеді деген сөз.

"Қазақстан Республикасының шекара қызметі мен ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, бір жүк көлігін «Қарасу» өткізу бекеті арқылы өткізу уақыты шамамен 15-20 минутты құрайды. Мамыр айында шамамен 22 880 көлік өтуі керек еді. Қазақстандық тарап ұсынған бұл сәйкессіздіктер қате деп танылды. Делегация қазақстандық тарап ұсынған деректердің дұрыс емес және күмәнді екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Экономика министрлігі делегация мүшелері қырғыз тарапы ЕАЭО туралы шарттың барлық нормаларын сақтайтынына сенімді екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар қазақстандық тарапты одақ туралы келісімнің нормалары мен ережелерін сақтауға және кедергіні жою үшін кешенді шаралар қабылдауға шақырды.

Алайда Қазақстан тарапы Қырғызстанның айыптауларын жоққа шығарып, Қырғызстан көліктері сәйкес емес құжатпен келетінін айтады. Бұл шекарадағы тексерісті арттыратынын айтады.

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары 26 мамырда кездесіп, шекара мәселесін шешу туралы уағдаласты. Қосымша жүк көліктерін өткізу бекеттерін ашатыны да айтылды, алайда мәселе әлі шешілмеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563