Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 7773 0 пікір 27 Мамыр, 2022 сағат 16:33

Робототехника: Алматы оқушылары үздіктер қатарында

ХХІ ғасырдың басты тренді ол роботтандыру. Робот барлық саланың бөлінбес бөлшегіне айналуда. Зауыттар, көшедегі жолбағдар мен фабрикалар, медицина мен шекараны күзету қызметі және тағы басқа салалардың барлығына роботтандыру еніп барады. Қырқынды түрде, жылдам негізде. Оқушыларды барынша білімге, ғылымға үгіттеп, оларды роботтандыру саласына үйір ету жұмыстары Алматы қаласы бойынша да қарқынды жүруде. Алматы қаласының оқушылары түрлі байқауда робототехника бойынша топ жаруда. 

Алматылық оқушылар робототехника бойынша турнирде үздіктерді анықтады. Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды.

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты:

1. Робототехника.

2. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

3. Сайттар құру.

4. 3D модельдеу.

5. Ойындар құру.

Хакатон қорытындысы бойынша 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585