Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қайнайды қаның... 5679 20 пікір 3 Маусым, 2022 сағат 13:15

Ресейлік келімсектер қазақ тілін қорлай бере ме?

«Назарбаев синдромы» өз жемісін өнер кеңістігінде бере бастады

Қазір «Жаңа Қазақстанның» алға басуы үшін ең басты кедергі алаш қоғамының «Назарбаев синдромынан» қалай арылуына байланысты. Қазақ ұлтын өз төл мемлекетін өмірге әкелуден алшақтатқан, ұлттық-діни партия құрудан айырған, ақпараттық кеңістігін бұрынғы отаршыл ел РФ басы бүтін байлап берген, ана тілінен мақұрым милети бизнес элитаны экномикалық сахнаға шығарған, орыс тілді әкімгер команданың қолына қарасы көп жергілікті ұлтпен санаспайтын этникалық азшылықтағы орыс тілді отандастарымызды тәйтеңдету үшін  шексіз биілік берген әм т.б. қазаққа қаны қас тірлік жасаған нәсілшілдік режімнің ауыр зардабынан құтылуға батыл қадам жасай аламыз ба!? 130 ұлттың мекені деген мифи ертегіні таңған «Назарбаев синдромының» күні бата ма!?

Осы «Жаңа Қазақстанның» өз өміршеңдігін танытуы қазақ тілінің еліміздегі ірі-ұсақ диаспора өкілдерінің басын ана тіліміздің маңына топтастыру басты бағдар.

РФ Украинаға соғыс ашуы әлем елдері тарапынан санкция салу мен экономикалық эмбарго жариялауға ұласты. Елімізге есепке алынғаны бар, алынбағаны бар 500 мыңдай Ресейлік ағылды. Жарты миллион адам! Солардың тарапынан «шаңыраққа қарамай, жаман үйді қонағы билейдінің» керін келтірген тірліктерге үш айдан бері көзіміз де, етіміз де үйреніп, тіпті бей-жай қарайтын бола бастадық.

Бірақ Ресейліктердің тайраңдауы әлемжелінің ғана тақырыбы ма, әлде билік осы орайда басын құмға тыққан түйеқұс кейіп көрсетуден арыла ма? Бұл бейәдептікке күшпен қарсылық көрсеткен қазақты түрмеге тығу тірлігін доғара ма? Сауал көп бірақ еш жауап жоқ... Осындай өліара шақта «Милохин: Қазақстанда қазақ тілін үйренудің керегі жоқ» деген намысқа тиер, «мен қазақпын» дегеннің қанын қарайтар бейнесұхбаты елге тарады.

31 мамыр күні DINARA SATZHAN ютубарнасында Динара Сәтжанның Ресейлік блогер ДАНЯ МИЛОХИН: «Мы ХОТИМ делать с КАЗАХАМИ совместные ПРОЕКТЫ!» атты сұхбатты шықты.

Осы уақытқа дейін оған 291 комментарий берілген, ТМД бойынша  50 мыңға жуық адам тамашалаған. Осы сұхбаттың 8 минут 31 секунтында: «Біріншіден, тіл үшін. Бізге адамдармен араласып, жаңа таныстар табу керек. Бәрі орысша сөйлегендіктен, қиындық тумайды. Мәселен, мен ағылшын немесе басқа тілде сұхбат бере алмаймын, аудармашы жалдауға тура келер еді» дегені ұлттық намысымызға тиді.

Сонда Милохиннің бұған дейін әуелі ана тіліміздегі ән-жырымызды мансұқ еткені аздай енді мүлдем басқа шықты. Сонда келімсек шоумендер ұлттық құндылығымызды белден баса бермек пе...

Ресейдің  Украинадағы қанқұйлы әрекетін жақтайтын қазақ еліне ағылған орыс тілді келімсек шоумендер мен әртістерін өз жерімізде басқа шығармау керектігін Шоумен Адиль Лиян алғашқы болып көтеріп, мейманасы асқан ресейлік жұлдызсымақтарға қатысты: «Не хочу, чтобы пользовались Казахстаном!» деп өте орынды көтерген болатын. Бірақ оған ешкім ден қойған жоқ. Қаңғып келген өнерпаздарға сес көрсетіп, кеудесін басқызатын сәт туды. Бірақ біз оларды тәубасына келтіре аламыз ба? Оларды елден түре қууға дәтіміз жете ме? Бар түйткіл осыған келіп тіреліп тұр.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525