Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Дей салдым-ау 4156 1 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 17:09

Антикор Әлияның ізіне түсті ме?..

«Беркут под солнцем» телеграм арнасы: «Әлия Назарбаева негізін қалаған Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының директоры Ермек Мәжитовті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеп жатыр», - деп хабарлады. Алайда қор басшысы бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын айтқан.

«Естіген кезде, «Дереккөз кім екен?», деп ойландым. Қорға қатысты тергеу жүргізілмеді, ондай ештеңе де жүріп жатқан жоқ. Бәрі жақсы. Егер мені шақырса, не болып жатқанынан хабардар болар едім. Ештеңе жоқ. Менің РОП операторына қатысым жоқ, компанияда жалдамалы жұмысшы болдым, енді онда жұмыс істемеймін. Маған қатысты ешқандай тергеу жүргізілмеді. Шынымды айтсам, мен оны оқығанда шамалы шошып кеттім», - деп жауап берген Ермек Мәжитов

Orda.kz сайтының жазуынша, Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры әуелгі кезде «Восток кино» деген атпен аталған. Оны 2014 жылы шілдеде Әлия Назарбаева құрады. Қордың басқарма төрағасы етіп укриналық Светлана Коротенконы қояды. Ол 2015 жылға дейін Қордың басшылығында істеді. Кейін Әлия Назарбаева кешеге дейін утильалымды жинап келген «Оператор РОП-ты» қолға алған соң, Коротенконы осында шақырып алып, тағы да директор етіп сайлайды.

Айта кетейік қазір Светлана Коротенконың үстінен жемқорлыққа қатысты іс қозғалып жатыр. Ол 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін кәсіпорыннан 20 млрд теңгеден астам ақша ұрлады деген күдікке ілінген. Коротенко 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Оператор РОП» ЖШС-ін басқарды, бұған дейін Әлия Назарбаева екеуі «Анаға апарар жол» фильмінің продюсерлері қатарында болды.

Енді Қор жұмысына келейік, Назарбаеваның қоры 2015 жылдан бері Үкіметке 43,7 млн салық төлеген. Былтыр мемлекет бюджетіне 10 млн теңге түсірген. Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Әлем мұғалімі» халықаралық байқауын өткізді. Экс-президенттің кенже қызы Қазақстанның мыңнан дара шыққан ұстаздарына 4 млн теңге сыйақы берді.

Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының директоры Ермек Мәжитов 2019 жылдың қыркүйегінде осы қызметіне келеді. Мәжитов оған дейін, Әлия Назарбаеваның тағы бір компаниясы - «Эко Ұмай» компаниясында басшылық қызмет атқарған.

Әлия Назарбаева басқарады деген Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қоры сайтында, орталықтың 2016 жылдан бері істеп келе жатқаны жазылған. Құрылған сәтінен бастап орталық 7 млрд.теңгеге 400-ге жуық мемлекеттік грантты іске асырған.

Орталықтың бас құрылтайшысы ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көрсетілсе, серіктестерінің арасында «Нұрсұлтан Назарбаев қорын» көруге болады.

Abai.kz

1 пікір