Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 15:21

«Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді

Мемлекет басшысының тікелей бас­тамасымен өмірге жолдама алған «Ха­лық­тық ІРО» бағдарламасының бола­ша­ғы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызы­ғу­шы­лықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін бар­лық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз.

Ел игілігі үшін

Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыт­тар­да Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Ха­лықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге?

Мемлекет басшысының тікелей бас­тамасымен өмірге жолдама алған «Ха­лық­тық ІРО» бағдарламасының бола­ша­ғы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызы­ғу­шы­лықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін бар­лық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз.

Ел игілігі үшін

Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыт­тар­да Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Ха­лықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге?

Ұлттық компаниялар өз ак­ция­ларын қор рыногына шығы­ра­ды. Оны еліміздің әрбір азаматы сатып ала алады. Бұл деге­ні­ңіз, үйде отырып тікелей ұлттық алпауыт компаниялардың жұмы­с­ын бақылай алу құқығы деп білемін. Сонымен қатар, сіз сатып алған акцияңыз арқылы мол пай­даға кенелуіңізге болады. Қысқа­сы, бұл халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бағдарлама. Кей адамдар аталған бағдарламаның мәні мен маңызын түсінбеуі мүм­кін. Мәселен, таныстарыммен сөй­лескенде «ертең ол компания банкрот болып қалса қайтеміз?» бол­маса «баяғы сатып алған купондардың күнін кешпей ме?» деген күдіктердің барын бай­қай­мыз. Меніңше, олай емес. Жа­қын­да ғана ағылшынның Lega­tum Institute деген сараптамалық орталығы әлем елдерінің дамуына қатысты рейтингін түзіпті.

Рейтинг елдегі экономикалық өсімді, іскерлік байланыстарды, елдегі басқару жүйесін, білім беру саласының сапасын, денсау­лық сақтаудың тиімділігін, тағы да басқа осындай толып жатқан аспектілер бойынша жасаған. Сол тізімде Қазақстан 46-орында тұр. Барлығы жер-жаһанның 144 елінің арасында Қазақстан ал­дың­ғы қатардан көрінген. Бұл дегеніңіз, Қазақстанның дамудың даңғыл жолында келе жатқанын, отандық экономиканың артқа­нын, әлеуметтік әлеуеті жетіл­ге­нін білдіретін бірден-бір көрсет­кіш. Рейтингті біз емес, ағыл­шын­дар жасап, осындай баға бе­ріп отыр. Сондықтан, Қазақ­стан­ның қор рыногына, ұлттық ком­паниялардың жұмысына күдік­пен қараудың керегі жоқ. Ең алдымен, «ҚазТрансОйл» компа­ния­­сы­­ның акциялары сатылымға шығарылатынын білемін. Оны «Қазпошта» арқылы брокерлік шот ашып, сатып аласыз. Ал ком­панияның жыл сайынғы табысынан үстеме алып отыруға да мүмкіндігіңіз болады.

«Халықтық IPO-ны» баяғы алаяқ­тардың «МММ» дегенімен салыстырудың қажеті жоқ. Бұл ондай жүйе емес. Бір ғана айыр­машылық - «МММ» жекелеген адам­дар құрған жүйе. Ал «Ха­лық­тық IPO-ны» Елбасының өзі бастап, ел ағалары қостап, мем­ле­кеттің, халықтың игілігі үшін жасап жатыр. Осыдан-ақ ненің не екенін айыра беруге болады.

Ардагер АҚЖІГІТОВ,

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік

және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

* * *

Ел үшін де, өзіміз үшін де тиімді қадам

Осы жылдың қазан айынан бастап «Халықтық ІРО» бойынша жұмыстар бас­талып кетті. Бұл шын мәнінде ха­лық­тық ауқымдағы іс-шара болып табы­ла­ды. Кез келген азамат өзінде бар артық (бос) қаражатына елдегі басты ірі ком­паниялардың акциясын сатып ала ала­ды. Сөйтіп, компания үшін ғана емес, өзі үшін де пайдалы қадам жасайды.

Бұл ІРО-ның тағы бір ерекшелігі бұған аз-кем артық қаржысы бар кез келген ел тұрғыны қатыса алады. Со­ның ішінде мен сияқты мемлекеттік қызметкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие. Еліміз қолдау көрсеткен өркениетті қаржы саясатындағы игі қадам көп уақыт өтпей-ақ, жұртшылықты барын­ша қызықтыратыны анық. Өйткені, келесі жылдың наурыз айының аяғында, жылдық есеп қорытындысы бойынша осы акцияларды таратушы компаниялар дивиденд бере бастайды. Өз отба­сымның бюджеттік мүмкіндігін ескере отырып, алдағы айда ІРО бойынша таңдау жасап, «КазТрансОйл» ұлттық компаниясының біраз акциясын сатып алып, шынайы халықтық науқанға қа­ты­суды жоспарлап отырмын. Бұл нау­қан­ның ел тұрғындарына тиімді әрі са­лымдық нәтижелері мол болатынды­ғы­на сенімдімін. Сондықтан өзге азамат­тарды да осы шараға қатысуға ша­қырамын.

Сөз реті келгенде, Амангелді ауыл­дық округінде іргелі істерімен танымал болған «Ақ құлын», «RIVC Ltd-Abai» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және алты шаруа қожалығы жұмыс істейтіндігін атай кеткім келеді. Олар шаруашылық жүргізудің көп салалы бағытын ұстануда. Бұл құрылымдарда ауыл тұрғындарының басым көпшілігі еңбек етуде. Экономикалық тұрғыдан нығайып келе жатқан осынау ша­руа­шы­лықтардың мүшелері күні ертең халықтық ІРО қозғалысының белсенді қолдаушылары болатындығына сенім мол.

Оразғали НҰРҒАЛИ,

Амангелді ауылдық округінің әкімі.

Ақмола облысы,

Қорғалжын ауданы.

* * *

Шет қалмаймыз

Әлия ӘЛЖАНҚЫЗЫ, сақтандыру компаниясының қызметкері: - Баспасөз ақпарат құралдарынан  қа­­зақстандық компаниялар өз акция­ларын сатуға шығарғалы жатқанын естіп жатырмын. Бұл мәселе үкіметтік деңгейде  талқыланып, жұртшылыққа да, қатысушы компанияларға да тиімді екені ұғынықты түрде түсіндірілді. Соған қарағанда,  Қазақстан халқының әл-ауқатын  көтеруге бағдарланған әлеу­меттік жобаның  келешегіне үлкен үмітпен қараймын. Шынымды айтсам,  құнды қағаздар рыногына қатысуға әлі дайын емеспін. Өйткені, мұндай тә­жіри­бе  елімізде бірінші рет өтіп отыр­ғандықтан, мен үшін түсініксіз тұстары  жоқ емес.  «Халықтық IPO»  жайлы толық мәлімет алғаннан кейін, сөз жоқ, бағымды сынап көремін.

Елдос Нұрлан, студент: - Көпшілік мүддесін көздейтін маңызы зор жоба екенінде талас жоқ.  Экономика пәнінен дәріс оқитын ұстаздарым  қызығушылы­ғы­мызды оятып,  қатысуымызды қол­дап отыр. Өздері де сырт қал­май­тын  тәрізді.  Әрине, бұл жаңалық қалалықтар үшін таңсық болмас. Ал ауыл жөнінде олай айту қиын. Көбі сырттай  ғана хабардар. Акцияларды сатып алу, тиімді орналастыру жолдарын біле  бермейді. Соған қарағанда, түсіндіру жұмыстары әлі де кемшін сықылды. Өз басым мұндай бастамаларды қолдаймын. Қаражат табылып жатса, шет қалмауға тырысамын.

Петропавл

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596