Жұма, 9 Желтоқсан 2022
Білгенге маржан 2972 2 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 12:48

Шыңғыс хан мемлекеті қандай болған?

«...Так что будем исходить из того, что Чингисхан был. Он был именно что Чингисханом... А вот монголом он, безусловно, не был. Речь, конечно же, идет о тюрко язычном кипчаке»

 писатель, исследователь   Р. Храпачевский.

Түркі – қыпшақтың Ұлы ханы Шыңғыс хан өзінің жаулап алған елдерін мүмкіндігінше тез арада уысына алып, солардың мекендеген аумақтарынан бастап, өз атамекеніне дейінгі аралықта, уақыт созбай, екпінді түрде мемлекет құруды бастайды. Бұрынғы Ұлы даладағы жеке-жеке көшпелі рулардың орнына, оларды біріктіріп, тұтас бір елге айналдырады («...ударными темпами начинает строить  государство») Р.Храпачевский «Военная держава Чингисхана». Шыңғыс хан алыс-жақын елдерді өзінің қарамағына қаратқан соң, ең алдымен қолға алғаны, әскерін қайта жасақтау болды. Бұрынғыдай сарбаздарды өз руы бойынша топтастырмай, олардың барлығын қосып және араластырып, ондыққа, жүздікке, мыңдыққа бөліп ( тура осы үлгіні (модель) бес жүз жылдан кейін орыс патшасы бірінші Петр өзінің армиясына пайдаланады. (отделение, рота, полк, дивизия). Сондай-ақ, Кеңес Одағы Қызыл армияны да осы тәсілмен құрған және бұл талап осы күнгі әр елдің армиясында сақталған.) және майдан даласында ерекше ерлігімен танылған сарбаздарды, сіңірген еңбегіне қарай, осылардың басшысы етіп тағайындайды. Сонымен қатар, Ұлы хан осы қалың әскерден басқа, арнайы өзін қорғап тұратын және империядағы басқа да саны көп жауапкершілігі зор  жұмыстарды жүзеге асыруға міндетті болған кешіктендерін (гвардия)  ұйымдастырады. Бұл кешіктендер қазіргі полицейлердің (функции полиции) қызметін атқарады және керуен жолдарын қорғап тұрады. Бұған қоса, сарай мүлкін күзету, әскери штандарт пен майдан даласында пайдаланатын дауылпаздарды (барабан) сақтау, сондай-ақ, бүкіл ұлыстағы барлық шаруашылықтың қалай жүріп жатқандығын үнемі бақылауға алып отырған. Тағы бір айтарымыз, әскерге шақыру, бұрынғыдай әр ру өзінің иелігіндегі сарбаздарын ұсынғаны бойынша емес, армияның арнайы талабы бойынша іске асырылған (распределяя «призывной контингент» по усмотрению командования).

Сонымен қатар, Шыңғыс хан, өзі құрған мемлекетінің ішінде арнайы экономикалық жүйені жүргізетін адамдарды  белгілеп, ал, олар болса, Шыңғыс ханның жетекшілігімен, өздерінен бұрынғы ата-бабалары құрған қағанаттың ескі қағидасынан ауытқып, мемлекет ішіндегі тұрғындарды қанауды  тоқтатып, тек,  әрбір оныншы (кипчакская десятина) бөлікті ғана жылына бір рет жинап алып отырған. Тіпті, кейіннен  Алтын Орда империясы да,  Русті қарамағына алған соң,   осы Шыңғыс хан негізін салған салық жүйесінен ауытқымаған. Бұлар, тәуелді, бодан ел- жұрт болса да, тұрғындардан оныншы бөлікті ғана талап етіп отырған. Орыс ғалымдарының көпшілігі өздерінің ғылыми жұмыстарында, кезінде Алтын Орда, өзінің тәуелділігіне түскен Русті тып-типыл тонамағанын, қайта олардың жұтамай күн көруіне, тіршілік етуіне айтарлықтай ықпал еткендігін келтіреді «...кипчаки потребовали с населения эту десятину, они вовсе не занимались каким – либо беспределом, а намеревались брать ровно столько налога, сколько брали и со своих.». Шыңғыс хан, мемлекет құру кезінде көбінесе өзінің алдындағы бабаларының қағанат құру кезіндегі ойластырған және жүзеге асырған тәжірибелеріне сүйенген. Оны, өзінің еңбектерінде Р.Храпачевский былай келтіреді: « За преобразованиями Чингисхана явственно проступает весь предшествующий многостолетний опыт кипчакских каганатов, опыт человека, опиравшегося на богатое наследие предков – государственников». Ел ішінде жүгенсіз ішкілікке салынуға да мүмкіндігінше тыйым салған. Оны өзі жаздырған Ясыларының тармақтарына да кіргізген. «Если уж нет средства против питья, то человеку нужно напиться три раза в месяц. Как только он перейдет за три раза – совершит наказуемый поступок. Если же в течении месяца он напьется только дважды – это лучше ; если один раз – еще похвальнее, если же он совсем не будет пить, что может быть лучше этого?!».

Ғалым – жазушының (Р.Храпачевский)  көп жылдар бойы тірнектеп жазған  кітабін зердеге салып салыстырмалы түрде оқығанда, бұл еңбектен бұлтартпастай дәлелдермен келтірілген нақты фактілерге қайран қаласыз.

Не забудьте: нам старательно впаривают, что очень долго именно в Монголии существовал стольный град наследников Чингисхана Каракорум, не только административный, но и культурный центр, где жило много ученых книжников. Как же так получилось, что обладавшие таким культурным центром монголы ухитрились начисто забыть подробности завоеваний Чингисхана, сохранив лишь «названия завоеванных стран»?

Все мгновенно становится на свои места, если вернуться к тому, что Чингисхан никакой не монгол, а кипчак. Скудность монгольских сведений о нем получает простое и логичное объяснение: поскольку монголы не принимали никакого участия в свершениях Чингисхана, то и сведения о них имели самые общие».   

Сондай-ақ, Хорезмдік дін қызметкері Ән-Насивидің кітабынан да осындай деректерді атап өтуге болады. Өйткені ол – Шыңғыс  ханның замандасы және тәуелсіз куәгер. Басқа шығармалардың авторлары Шыңғыс  ханның қызметінде болды, сондықтан олардан ақиқат күту қиын. Ән-Насиви де «моңғолдарды» байқамайды. Шыңғыс хан халқы – түркілер, нақтырақ айтқанда қыпшақтар  және оның өзі де моңғол емес, түркі-қыпшақ. Ал моңғолдар (мұңғұл)  деп аталатын халық – буряттар (кейіннен көрші елдердің ықпалымен,  Қытайдың , әсіресе  Чжурчжэ́н тілінде «мон-голл»  атанған. Малшылар – деген сөз.).  Олар,  Шыңғыс хан империясынан бірнеше мың шақырым жердегі кішкентай халық.

«Чтобы совершить более – менее масштабные завоевания, нужна не просто «большая орда», а хорошо организованная армия с соответствующим  вооружением.  Поскольку у монголов не было ровным счетом никаких традиций государственности, они оказались бы решительно неспособны в кратчайшие сроки эту армию создать. А убогие экономические возможности ни за что не позволили бы эту армию вооружить должным образом».

Шынымен де, саны кем, кішкентай ғана , мешеу қалған,  дамымаған, ат үстінде қол жинап, өзге елдерге жорық жасап көрмеген, тіпті, көшпелі елдің  мәдениетінен құр алақан, өз тіршілігін әрең  көріп жүрген,  құртақандай ел  қалай империя құруы мүмкін?! Мұны, орыс ғалымы және жазушысы нақты деректермен шынайы  айтып отыр.

Сонымен қатар, іргесіндегі  сол кезеңдегі жазу үлгісі жоғары дамыған ұйғырлардың  жазбаларында да ешқандай «моңғол»  сөзі  мен «моңғол империясы» деген құжаттарды  қанша іздесекте  кездестірмедік. Мүлде жоқ . Қайта, «түркілер» немесе «қыпшақ қағанаттары» деген жазбаларды жиі  кездестіресің, - дейді Р. Храпачевский.  «... Именно в X – XIII  веках в уйгурских документах  впервые  упоминаются  «кипчаки»  как один из народов, населявших каганат».

Осы жазылған еңбекке қарап, (басқа да көптеген жазушы және ғалымдардың жұмыстарында да осылай көрсетілген) Шыңғыс хан ұйымдастырған империя, қазіргі Моңғолия жерінде  емес, яғни дәлірек айтқанда, біздің еліміздің аумағында құрылған  деуге негіз бар. Бұл ақиқат.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2623
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1792
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1892