Жұма, 26 Сәуір 2024
Анық-қанығы 4082 6 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 13:23

Ресей бұрқылдауда: Қазақстан шықты

Қазақстан Сенаты ТМД елдеріне мүше мемлекеттері үкіметтері арасындағы салықтық саясат бойынша келісімнен шықты. Аталмыш келісім ТМД құрылған сәтте, яғни 1992 жылы жасалған болатын. Келісім КСРО ыдырыап, орнына жаңадан пайда болған елдер арасындағы салықтық мәселені реттестіру мен жүйелендіру үшін жасалған еді.

Салық саясатының келісілген қағидаттары туралы ТМД келісімі негізгі салықтардың бірыңғай тізімін қолдану туралы келісімді қамтыды. Сонымен қатар, қосарланған салық салудың алдын алуға үшін іске асырылды. Алайда 2022 жылы аталмыш келісім Қазақстан үшін өз өміршеңдігін жойды десек те болады.

ТМД ұйымы қағаз жүзінде белсенді болса да, шын мәнінде өзекті мәселелерді шешу қабілетіне ие емес. Грузия мен Украина ТМД ұйымынан шықты десек те болады. Ұйымның ішінде басы піспейтін елдер жетерлік, мысалы Армения мен Әзербайжанның арасында соғыс бар, ал ТМД бақылаушысы болып саналатын Молдова Ресейден Приднестровьедегі әскерін әкетуді талап етуде. Саясаттағы қайшылықтары көп бұл елдер салық мәселесін реттей алуы да екіталай.

Ресейлік сарапшылар "Қазақстанның бұл келісімнен шығып кетуін сигнал деп қабылдау керек" деген ойда. Бұған дейін Қазақстан әскери шеру өткізуден бас тартса, артынша ЕЭО елдері бойынша астық экспортын шектеу келісіміне қарсы шыққан болатын. Ресейге салынған санкциялардың бұзылуына жол бермейтінін айтқан біздің еліміз Мәскеудің титығына тиюде. 2022 жылы Қазақстанның ТМДда төрағалық етіп жатқанын еске алсақ, расымен де аталмыш қадамның өзіндік саяси салмағы барын түсінуге болады.

Abai.kz

6 пікір