Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Дей салдым-ау 2268 18 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 14:02

86 жастағы Олжас ақын да партия құрмақ

Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі»атты жаңа саяси партия құратынын мәлімдеді.

«Біздің «Қазақстан халық конгресі» атты партиямыз 1992 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болды. Сол кезеңде бұрынғы кеңестік республикалардың бәрінде жекелеген ұлттық партиялар құрылды, оның ішінде Қазақстанда да пайда бола бастады.

Сол кезде мен коммунистік партиядан қалған ең жақсы дәстүрлерді жалғастыратын партия құру қажет екенін түсіндім. Өткеннің бәрінен бірден бас тартуға болмайды», - деді ақын журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

Партия қоғамды мемлекетті дамытуға шақырады, сондай-ақ, жер мен қазба байлықтың меншік құқығын халыққа бекітіп беру, жерден «пайда табу» тетігін әзірлеу, кәсіпкерлікті дамыту және шағын бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерді үш жылға салықтан босату, қосылған құн салығындағы әділдікті орнату, жұмыс орындарын құру арқылы жастарды қолдауды мақсат етеді.

Партияның төрағасы болып 86 жастағы Олжас Сүлейменов тағайындалады. Ол қазіргі Қазақстан президенттің саяси реформаларын белсенді түрде қолдайтынын жеткізді.

Биыл сәуір айының соңында «Қазақстан халық конгресін» тіркеу туралы жарияланды. Қазіргі уақытта қозғалыс 6 облыста кеңсесін ашқан.

Олжас Сүлейменов 90-шы жылдары еліміздің саяси өміріне белсене қатысты. 1991-1995 жылдары «Қазақстан халық конгресі» партиясын басқарды.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530