Жұма, 29 Наурыз 2024
Бұ не мазақ? 3210 9 пікір 19 Мамыр, 2022 сағат 13:40

«Керекудегі кафелер қазақтарды алалап жүр»

Павлодардағы «Гараж» кафесі қазақтарды кеудеден қағып, тек этникалық орыстарға ғана қызмет көрсететіндігі төңірегінде шу шықты. Оған себеп дем алу үшін барған қазақтарды Face-control-дан өткізбей, тек орекеңдер ғана ішке жіберіліп отырған.

Бұл жайында politic.kz медиа басылымы Ерлан Букенов, Әсем Адилова және ​Данияр Нуртазинов​ сынды нәсілшілдік қысым көрген қандастарымыздың сөзін негізге ала отырып өз пкірін білдіреді.

Осы кафенің жеке блогында «...қандай тамаша қазақтарсыз, тап бір ескі Павлодардағыдай күй кешудеміз...», - деген шовинистік рухтағы жазбалардан көз сүренеді. Әлемжелідегі айқай-шудан кейін кафе қожасы өзінше кешірім сұраған болды. Бірақ бұл біздің орыс тілді қандастарымыздың этникалық славяндар үшін қашанда тек қана «азиат» болып қала беретіндігін ұқтырса бек жақсы болар еді.

Сонда ұлтараздығын қоздырды деген жаламен тек қазақтар ғана сотталып, дүниені дүрліктірген басқа ұлт өкілдері кешірім сұрап құтала бере ме?! Еліміздің соты мен прокуратурасы қазақтың ұлттық мүддесін ешкімге жалтақтамай қорғайтын кез туды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600