Жұма, 29 Наурыз 2024
1629 0 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 14:57

Cтелс-омикрон: Карантин жариялана ма?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният "Коронавирустың жаңа "стелс-омикрон" штамына байланысты Қазақстанда карантин жариялана ма" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 12 аймақта коронавирустың "омикрон-штамының" бір түрі табылғанын еске салды.

"Бұл - "стелс-омикрон". Коронавирус инфекциясының бұл түрі "дельтаға" қарағанда жеңілірек өтеді. Бірақ оның қаупі - тез таралады, қайта ауруға әкеледі. Сондықтан бүгін біз штамм бүкіл ел бойынша тарап жатқанын көріп отырмыз", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Министр ауруға мониторинг күн сайын жүргізілетінін айтты. "Симптомдармен келген барлық науқас толық көлемде ем алып жатыр. Аурудың мұндай ағымында қандай да бір карантин шаралары болады деп күтпейміз. Барлық карантин шаралары алып тасталғанын көріп отырғаныңыздай. Қазір негізінен, халық арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр", - деп қорытындылады Ғиният.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621