Сенбі, 20 Сәуір 2024
2100 1 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 14:42

Ресейлік олигарх Тинков Қазақстанда не бітірмек?

Ресейлік «Тинкофф» компаниясы Алматыда ақпараттық технология өнімдерін әзірлеу орталығын ашты. Компанияда Алматы, Ресей, Белорусьтің продакт-менеджерлері, талдаушылары, сапа жөніндегі инженерлері және басқа да мамандары "Тинкоффтің" ондаған сервистерін жасап, дамытады.

Компания жылдың соңына дейін 100-ге жуық қызметкер алуды жоспарлап отыр.

Компанияның негізін салушы ресейлік кәсіпкер  Олег Тинков Forbesтің ақпараты бойынша 2022 жылғы 5 ақпанда  әлемдегі ең бай адамдар тізімінен 608-ші орынды иеленген. Ал, 2021 жылы Ресейдегі ең бай кәсіпкерлердің ішінде 4,7 миллиард доллар байлығымен 32-ші орынға шыққан. Тиньков Ресей билігінің Украинадағы соғысын ашық сынап, айыптаған адамдардың бірі. Өз сөзінен кейін «Тинкоффтегі» үлесін сатқан. Кәсіпкер сұхбатында оны «амалсыз үлкен жеңілдікпен» сатылды,- деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір