Сенбі, 20 Сәуір 2024
Аласапыран 5061 1 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 14:01

Кореяға демократияның қанмен келуі...

42 жыл бұрын Оңтүстік Кореяның даму жолы қанмен ашылды. 18 мамырды тарихшылар Корея есігін демократия қанмен қағып, кірмек болған күн деп атайды. 1980 жылы, 18 мамырда Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында студенттердің көтерілісі басталды. 1950-53 жылдардағы Корей түбегіндегі соғыстан кейін, Оңтүстік Кореяны диктатор Пак Чжон Хи уысында ұстады. Ал 1979 жылы ол атып өлтірілді. Кәріс халқы демократиялық құндылықтар орнайды деп сенген болатын. Бірақ...

Бірақ билікті генерал Чон Ду Хван басып алды. Ол елде әскери жағдай жариялап, БАҚ-ты сүзгіден өткізді. Барлық митинг, ереуілдерге тыйым салды. Саяси қарсыластарын қудалап, өлтіре бастады. 17 мамырда Оңтүстік Корея бойынша әскери жағдай жариялады.

Десять дней и сорок лет – Мир – Коммерсантъ

18 мамырда Кванджу студенттері диктатураға шыдамай, көшеге шықты. Басында билік бұл бұлқынысты тез басып тастаймыз деп ойлады. Сондықтан жергілікті тәртіп сақшылары мен аз ғана әскер көтерілісті басуға кірісті. Алайда күтпеген сәтте наразы студенттердің саны артып, олар полицияны кері шегіндірді. Осылайша он күнге созылған "Кванджу көтерілісі" басталды. 700 мың халқы бар қалада көтерілісшілер "Күресушінің бюллeтені" атты газет шығарып, онда демократия мен күрестің маңызы жазылды. Тек қана студенттер емес, қаланың барлық тұрғыны бұл бұлқынысқа қатысты. Он күн бойы билік әскерімен қақтығыстар болып тұрды. Көтерілісшілер өлді, жараланды. Бірақ берілмеді.

Великолепный отпуск по-корейски - ЯПлакалъ

Олар нақты, шынайы ақпарат таратпағаны үшін жергілікті радио мен телеарналарды басып алып, өртеп жіберді. Олардың арасында танымал MBC және KBS арналары да болатын. Наразы топ Кванджу қаласындағы салық департаментіне от қойды. "Біздің салығымыз диктатураны қолдауға кетіп жатыр, оданда отқа жансын" деді олар. Жергілікті полиция бөлімшелері мен кішігірім әскери посттар наразы топ қолына өтті. Халық қаруланып, әскери жасақтар құра бастады. Олардың арасында Корей соғысына қатысқан кәсіби сарбаздар да бар еді. Қала шетіндегі кеншілер динамит әкеліп, жарылғыш зат жасалды. 21 мамырда билік әскері қаладан шығып кетті. Халық "бұл жеңіс" деп ойлаған болатын. Алайда...

Десять дней и сорок лет – Мир – Коммерсантъ

Алайда бұл тозақтың басы ғана еді. Билік әскерін қаладан шығарып, шешуші соққы дайындады. Қаланы қоршап, әскери бөлімшелерді жақындатты. 28 мамырда, таңғы сағат 4-те қалаға жан-жақтан танк пен әскер кірді. Оларға 200 мың халық қарсы тұрды. Қан-қасап басталып кетті. Әскерилер тікұшақпен оқ отты, пулеметпен халықты жусатып тастады. Автомат пен граната қолданды. Осылайша он күнге созылған "Кванджу көтерілісі" жеңіліс тапты. Көтерілісте қанша адам өлгені белгісіз. 1990 жылға дейін 143 адам, ал 2010 жылы 606 адам деп ресми айтылған болатын. Бірақ тәуелсіз сарапшылар мен оқиғаға тікелей қатысушылар 2-4 мың арасында деген цифрды келтіреді. Ал қанша әскери мен полиция қаза тапқаны әлі құпия. Бір зерттеулерде 200-ге жуық дейді.

Восстание в Кванджу | Пикабу

Оңтүстік Корея халқы бұл оқиға демократияны қанмен әкелген жайттардың бірі болды дейді. Генерал Чон Ду Хван билікте 8 жыл отырып, 1988 жылы тақтан кетуіне тура келді. Оған елдегі халықтың наразылығы мен АҚШ-тың қысымы әсер етті. 1996 жылы оған сот басталып, Кванджу қырғыны мен жемқорлық фактілері бойынша айып тағылды. Сот оны өлім жазасына кесті, алайда артынша өлім жазасын "өмір бойы бас бостандығынан айыру" жазасымен ауыстырды. Кейін оны амнистиялады. Президент, диктатор, халық бұлқынысын қанмен басқан Чон Ду Хван әулеті мемлекет өтеуге тиіс деген 370 млн долларды әлі төлеп келеді.

Abai.kz

1 пікір