Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3191 9 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 15:54

Қазақ халқы неге енжар?

Соңғы 15-20 жылда нақты саясат болған жоқ

Қазақ, сен саясатты жақсы көрмейсің бе? Мұныңыз дұрыс дейік. Бірақ саясаттың сізді қорлауына жол бермеңіз. Ұмытпа, егер бүгін үнсіз қалсаң (мәселен, сайлауға, шеруге қатыспай, Конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылауға бармасаң) онда бүгінгі енжарлығың ертең балаларыңа тікелей әсер етеді. Бұл туралы публицист Бигелді  Ғабдуллин facebookтегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Публицистің жазуынша, қазақ халқы болашағына алаңдаушылық білдіргенімен, оны жақсартуға еш талпыныс жасамайды.

«Біздің халыққа таң қаламын. Біз қиын тағдырымызға шағымданғанды жақсы көреміз, нашар тұрамыз, билік қарапайым халықты ойламайды деп көп айтамыз. Сөйте тұра, халқымыз айналамызда болып жатқан барлық нәрселерге немқұрайлы қарайды, қоғамдық өмірге араласпайды, билікке ықпал етіп, тағдырымызды жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі туғанда қоғамдық өмірге араласпайды. Ұзаққа бармай-ақ қояйық, тіпті тұрғындардың жиналысында олардың басын қосу қиын, ал үлкен әрі маңызды науқандар туралы не айтуға болады?» - деп жазды Б.Ғабдуллин.

Оның ойынша, соңғы жылдары халықтың саяси белсенділігі төмендеп кеткен. Оған соңғы кезде, әсіресе, Алматы қаласында, өткен сайлау шаралары дәлел бола алады, - деді ол.

«Мұны немен түсіндіреміз? Бұл, ең алдымен, елдегі саяси өмірдің біршама тоқырауға түсуімен байланысты. Өйткені, бізде соңғы 15-20 жылда нақты саясат болған жоқ. Тек, 2022 жылы қанды қаңтардың келуімен елде шерулер мен оппозицияның акциялары өте бастады. Оның өзі шамалы. Екіншіден, халықтың енжарлығы біздің халықтың басым көпшілігінің саяси сауатсыздығымен түсіндіріледі. Егер сенбесеңіз, жоғары білімі бар кез келген тұрғыннан, мажоритарлық сайлау жүйесі мен пропорционалды сайлаудың ерекшелігін сұрап көріңіз. Сөз берем, 10 адамның 8-і дұрыс жауап бере алмайды. Оның басты себебі – біздің әлсіз мемлекеттік телеарналарымызда жатыр. Оларда не көрсетіледі? Онда жаппай ойын-сауық сипатындағы бағдарламалар, одан өзге түрлі тұрмыстық мәселелер мен жеке адамдардың мәселесіне қатысты бағдарламалар. (КТК - оған жақсы мысал), - деп жазды ол.

Сонымен қатар ол халық енжар болған сайын, билік белсенді бола түсетіні табиғи заңдылық екенін жеткізді.

«Қаңтар оқиғасы халық санасына өзгеріс енгізгені сөзсіз. Бірақ қаншалықты? Бұл сұрақтың жауабы 5 маусымда өтетін референдумда белгілі болады», - деп жазды Б.Ғабдуллин.

 

Abai.kz

 

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544