Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1641 0 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:15

Зейнетақының орташа мөлшері - 105 мың 193 теңге

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Сонымен қатар, министрлік 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сома зейнетақы төленгенін айтты.

2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,1 млрд теңге бөлінген.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асады.

Abai.kz

0 пікір