Сенбі, 20 Сәуір 2024
1561 0 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 14:05

Үш айда Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға үш айдың ішінде 4 108 адам келіп, 5 281-і көшіп кеткенін хабарлады. 

«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келіп, тіркелгендердің саны 4 108 адамды, елімізден кеткендердің саны 5 281 адамды құрады, көші-қон айырымы – -1 173 адам»,–делінген хабарламада.

ТМД елдерінен келген және сол елдерге кеткен көшіп - қонушылардың жалпы санынан үлесі 86% және 80,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам) және Шымкент (866 адам).

Abai.kz

0 пікір