Жұма, 29 Наурыз 2024
3253 10 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 18:08

Тұңғышбай Жаманқұлов: Арыстанбектің үстінен арыз жазған мен!

ҚР халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы Мәдениет және спорт министрі , қазіргі Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын мәлімдеді. Бұл туралы актер Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

«Біздің арамыздағы қандай келіспеушілік екенін білесіздер ғой. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Студент қыздарды қорғағаным үшін менің абыройымды төгіп, маған өтірік жала жапты. Өтірік айтып, мені жерге қаратты. Қой дегенде қоймады ғой!.. Иә, мен арыз жаздым. Оны жасырмаймын. Бұл өзі қасына адам жинайды да, оларды кейін сатып кетеді ғой. Сол сатып кеткен адамдары маған құжаттарды дайындап, әкеліп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттардың бәрі менде тұр, соның бәрін келтіріп, үстінен арыз жаздым. Оған қатысты құжаттарды әкеліп бергендер менің нақақтан-нақақ күйгенімді, қорланғанымды жақсы біледі. Ал мұны өздері айтуға қорқады», -деді ол.

Актердың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлының «жоғары жақтағы адамдардың ерекше қорғауында болған соң» сот әділетсіз үкім шығарған.

«Өйткені, ол бұған дейін жоғарғы жақтағы адамдардың ерекше қорғауында болды. Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді. Сол кезде айттың не, айтпадың не, бәрі бекер еді. Талай рет айттық. Сот арқылы да біздің жазығымыз жоқ екенін дәлелдегенбіз. Бірақ ол ана кісінің қамқорлығында болғаннан кейін бәрі қорықты. Әділетсіз үкім шығарды, әділетсіз тергеу жасады. Енді қазір дүние өзгерді”,-дейді Жаманқұлов.

Бұған дейін бұрынғы мәдениет министірінің үйі мен Ұлттық музейде тінту жүргізіліп жатқаны белгілі болған еді. Кейінірек Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін-өзі өлтірді деген хабар тарады. Алайда, Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Осыдан кейін Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жасап, үстінен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің  Жаманқұловпен арадағы араздықпен байланысты екенін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың маусым айында Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильмі өндірісінің дайындық кезеңінде шамамен 69 миллион теңге жымқырды деген айыппен 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594