Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 2324 0 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 17:08

Мәжіліс депутаттары металлургтермен референдум туралы талқылады

Ақтөбе облысына іссапарын шалғай ауылдардан бастаған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының республикалық штабының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин «Қазхром» Ұлтаралық Компаниясы» Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды.

Онда депутаттар зауыт ұжымымен Конституцияның ел дамуындағы рөлін және жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.

Ғалымжан Елеуов конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы екенін айтты. Депутаттың пікірінше, референдум суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады.

Өз кезегінде, Аманғали Бердалин референдумды өте маңызды саяси оқиға ретінде қарауға шақырды.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері референдумға қолдау білдіріп, заңға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің дұрыс екенін айтты.

– Ата Заңға енгізілетін түзетулер қатарында жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау қарастырылған. Менің көкейіме қонған осы өзгерістерді заңмен бекіту үшін референдумға барамын. Өйткені бұл біздің даусымызбен,  шешімімізбен жүзеге асырылады, – деді компаниядағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Аманжол Үмбетов.

Сонымен қатар жиында ұжым мүшелері зейнет жасын төмендету мүмкіндігі туралы өз ұсыныстарын және басқа да бірқатар өзекті мәселені жеткізді.

Айта кету керек, Мәжіліс депутаттары Сергей Симонов, Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин бұған дейін Ойыл, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Хромтау, Әйтеке би аудандарында болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513