Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 2237 1 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 14:32

Жеңілдетілген автонесие кімдерге беріледі?

Жеңілдетілген автонесие зейнеткерлерге берілмейді. Бұл туралы «Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова хабарлады.

«Зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар және кредиттеу несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», - деді ол.

Бұған дейін, Үкімет 4%-дық жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасын бекітті. Автонесие сомасы 15 миллион теңгеден аспау керек. Бастапқы жарнасы 0%, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды. Сонымен қатар,  автонесие бір адамға 2 жылда 1 рет қана беріледі.

16 мамырда жеңілдетілген автонесиеге өтінімдер қабылдау басталды. Бағдарламаға екінші деңгейлі 4 банк қатысып жатыр: «Халық банк», «БанкЦентрКредит», «Форте банк» және «Еуразиялық банк». Бағдарламаға мемлекеттен 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланған.

Abai.kz

1 пікір