Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 2322 4 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 14:26

Бұл жыл оңай соқпайын деп тұр...

Құлап барамыз. Бұл жыл оңай соқпайын деп тұр.

Қазақстандағы қанды қаңтар, одан соң Ресейдің Украинамен соғысы.

Бұл кесапаттар аздай, мен өткен жылдан бері қақсап жүрген тағы бір үлкен қауіп бар. Бұл Орталық банктердің ақша басып шығарумен тым әуестеніп кетуінен туындап отырған АҚШ пен әлемдегі рекордтық инфляция. Инфляция соңғы 40 жылдағы рекордтық деңгейіне жетті. Бұл АҚШ-тың ФРЖ-нің қарсы әрекетіне әкеліп соқпауы мүмкін емес еді, яғни ол пайыздық мөлшерлемені көтеру циклын заңды түрде бастады, осылайша экономикадан ақша сорып отыр. Сонымен қатар, ФРЖ өз кестесінен озып келеді. Мұның бәрі сөзсіз нарықтарды құлдыратады, қазірдің өзінде құлдыратып жатыр.

Мен NFT нарығы мен крипто нарығы ФРЖ саясатының күшеюін бірінші болып сезінетінін бірнеше рет айттым. Сонымен қатар, акциялар, ең алдымен технологиялық компаниялардың акциялары құлдырайды деп болжаған едім. Сондай-ақ дағдарыс алдында ақылды ақша қор нарығынан қашып, шикізат нарықтарында тұрақтай бастайтынын айттым. Шикізат тауарларының бағасы күрт өседі. Өкінішке орай, сол кезде мені көбі паникер санады. Бірақ қазір мен үнемі ескертіп келген нәрселер орын алып жатқанына бәрі куә.

NFT нарығы 92%-ға құлдырады. Актив шоттар саны 88%-ға қысқарды.

Барлық криптовалюталар құлап жатыр. Өткен жылдың қараша айынан бастап бір биткон 68 915 доллардан 27 846 долларға дейін, яғни 60%-ға төмендеді.

Nasdaq нарығы жыл басынан бері 16 652-ден 12008 пунктке дейін төмендеді, яғни шамамен 28%-ға құлдырады. Мысалы, Али бабаның акциялары 75%-ға, Тесла акциялары 40%-ға, Netflix акциялары 76%-ға, Twitter акциялары 42%-ға төмендеді.

Сонымен бірге бидай 50%-дан аса, жүгері 54%, соя 35%-ға өсті. Дағдарыстың үдеуіне қарай мен шикізат нарықтарының да құлдырауын болжап отырмын.

Менің әлі толық расталмаған жалғыз болжамым - рубль мен теңгенің құнсыздануы. Бірақ, менің ойымша, қазір рубль мен теңге бағамы шындыққа сай емес. Олардың бағамы валютаға сұранысты және экспорттаушылардың өз валюталық түсімін сату міндеттемелерін шектеу есебінен жасанды түрде сақталып отыр. Жыл соңына дейін рубль де, теңге де түбі девальвацияға ұшырайтыны анық.

Мен бұрын-соңды болжам, жорамал жасаумен айналысқан емеспін. Меніңше, бұл қайырымы жоқ іс. Бірақ бұл жолы өткен жыл мен осы жылдың басындағы жағдайлар әлемдік экономикада үлкен теңгерімсіздік артып келе жатқанын анық көрсетіп тұр. Мұндай теңгерімсіздіктер үнемі дағдарыспен аяқталады.

Көбі менен “Не істеу керек? Қашан сатып алу керек немесе қазір сату керек пе?” деп сұрайды.

Осы сұрақтарға жауап беру үшін наурыз айының соңында, сәуірдің басында мен Дағдарысқа қарсы буткэмп өткіздім. Онда мен барлық сұрақтарға жауап бердім. Егер сізге қызық болса, менің платформама өтіп, буткэмп материалдарымен таныс болыңыз.

Менің жалпы ұсынысым:

  1. Дағдарыс 5 кезеңнен тұрады. Пайда болу, Даму, Үдеу, Баяулау және Түбі.
  2. Біз қазір Даму сатысында тұрмыз. Келесі кезең - Үдеу.
  3. Дағдарыстың алғашқы үш кезеңінде мен инвестиция салмауға, ештеңе сатып алмауға кеңес беремін. Бұл кезеңдердегі басты мақсат - ақшаны үнемдеу және өмір сүру деңгейін сақтап қалу.
  4. Инвестиция жасауға ұсынылатын кезеңдер - Баулау және Түбі.

Егер сіз инвестициялау ісін жақсы меңгеріп, оның нақты қадамдарын білгіңіз келсе, нарықтардың мән-жайын ұғынып, дағдарыс кезіндегі тиімді әрекеттерді үйренгіңіз келсе, 21-25 мамыр аралығында Ыстанбұлда өтетін Инвест буткэмпке қатысуды ұсынамын. 5 күн ішінде сізге басқа жерде үйретпейтін нәрселерді үйретеміз.

Сіз бұл дағдарысты зор дайындықпен қарсы алып, оны мүмкіндік ретінде пайдаланасыз, немесе салыңыз суға кетіп, дағдарыс сіз үшін қауіпті дүниеге айналады. Мен: “Сәттілік - бұл мүмкіндік пен дайындықтың тоғысуы” деп үнемі айтамын. Бұл дағдарыстың сіз үшін қандай боларын өзіңіз шешесіз.

Дағдарысқа дайын болу үшін не істедіңіз?

Марғұлан Сейсембай

Abai.kz

4 пікір