Сенбі, 20 Сәуір 2024
2119 3 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 13:06

Экс-министр Бектанов 15 жылға сотталуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа  ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін ведомство экс-министрдің қаңтар оқиғасы кезіндегі «әрекетсіздік фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Айта кетейік, экс-министр Бектановтың тұтқындалғаны туралы ақпарат 19 ақпанда белгілі болған. ҚР Бас прокуратурасы экс-министр Бектановтың үстінен Қылмыстық Кодекстің 452 бабы (Бейліктің әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағаны айтылған. Кейін, бұл ақпаратты Бас прокуратура растаған.

2021 жылы 31 тамызда президент Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған. Кейін 2022 жылдың 11 қаңтарында президент Тоқаев министр Бектановты өз қызметіне қайта тағайындау туралы бұйрық шығарған.

Ал «қаңтар көтерілісінен» кейін, президент Тоқаев министр Бектановтың қызметін қатаң сынап, 19 қаңтар күні қызметінен алған.

«Министр Бектанов қолбасшылық қасиет көрсетпеді. Қолымызда командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар кезінде жақсы нәтиже көрсеткен армия болғандықтан, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмай, сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

3 пікір