Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 2101 0 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 12:53

Бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ басшылары жиын өткізеді

Ресей астанасында дүйсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиті өтеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 15 мамырда Мәскеуге барғаны мәлім болды.

Саммитте ҰҚШҰ аясындағы қарым-қатынастың басты мәселелері, халықаралық және аймақтағы өзекті проблемалар, сонымен бірге ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіре түсу іс-шаралары талқыланады.

Кездесу қорытындысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесі қабылданады.

Abai.kz

0 пікір