Жұма, 20 Мамыр 2022
Жаңалықтар 541 0 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 14:18

Siemens Ресей нарығынан кететінін жариялады

Германияның Siemens концерні Украинадағы соғысқа байланысты Ресей нарығынан кететінін жариялады. Компания өндіріс пен қызметін доғаруға кірісіп кетті, делінген концерн таратқан ақпаратта.

Бұның алдында Siemens Ресей мен Беларуське қатысты жаңа операцияларының бәрін уақытша тоқтатқан.

"Біз Украинадағы соғысты айыптаймыз, сол себепті Ресейді өндірісті доғарамыз деп шештік. 170 жылда жұмысшыларымыз бен нарықтағы клиенттерімізге қалай қызмет көрсеткенімізді ескерсек, осындай шешім қабылдау оңай болған жоқ", – деп мәлімдеді компания президенті Роланд Буш.

Тұрмыс техникасы мен электроника шығаратын Siemens Ресейде "Уральские локомотивы" компаниясымен бірге "Ласточка" электр пойыздары мен жүк таситын электр пойыздарын да құрастырған.

Abai.kz

0 пікір