Жұма, 29 Наурыз 2024
1494 0 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:46

Қазақстанда қант экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығында айтылады. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасы аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 99 100) және шикі құрақ қантты (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 1701 13, 1701 14 ) әкетуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы шараларды қолдану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544