Жұма, 26 Сәуір 2024
1852 0 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:41

Қазақстанда АЕК мөлшері өсті

"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда бірқатар есептік көрсеткіш мөлшері өсті.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (бұрын - 19 450 теңге);

ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (бұрын - 46 302 теңге);

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге (бұрын - 3 063 теңге);

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.

Abai.kz

 

0 пікір